Ұлттық ұлан азаматтардың өтініштерін қарау барысындағы бақылауды күшейтеді

1177
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Әскери департаменті жолдаған ұсынысты қарауға арналған жиын өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесуде азаматтардың өтініштерін қарау саласындағы заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету және анықталған кем-кетіктерді түзеу мәселелері талқыланды.

Жиынға ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығының Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бастығы полковник Ермек Бургебаев төрағалық етті. Іс-шараға Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Әскери департаментінің өкілдері, сондай-ақ «Оңтүстік», «Орталық», «Батыс», «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарының, Ұлттық ұлан Академиясының және тікелей бағынысты әскери бөлімдердің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімдерінің басшылары қатысты.

Жиын барысында Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Әскери департаментінің аға прокуроры 1-сыныпты заңгер Жадыра Әбжапбарова, Әскери департаменттің прокуроры әділет кеңесшісі Назерке Сатыбалдиева және Бас қолбасшылықтың Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бастығы полковник Ермек Бургебаев баяндама жасап, тиісті түсіндірмелер берді. Талқылау кезінде анықталған кемшіліктер жан-жақты қаралып, заң талаптарын сақтау бойынша нақты түсініктемелер ұсынылды және оларды жою жолдары айқындалды.

Қатысушылар азаматтардың өтініштерімен жұмыс сапасын арттыруға, белгіленген мерзімдердің сақталуына және лауазымды тұлғалардың жауапкершілігіне ерекше назар аударды. Жиын қорытындысы бойынша Әскери департамент өкілдері өңірлік қолбасшылықтардан келген өзекті сұрақтарға жауап беріп, алдағы кезеңге арналған практикалық бағыт-бағдар берді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -