Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі көрерменге фортепиано музыкасының кешін ұсынды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Концерттік бағдарламада Д. Шостаковичтің №2 концерті, С. Рахманиновтың таңдамалы прелюдиялары және А. Скрябиннің этюдтері орындалды.

Музыка кешінде Ресей және Башқұртстанның Халық әртісі, П. И. Чайковский атындағы және Лидстегі беделді халықаралық байқаулардың лауреаты – Владимир Овчинников, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясының профессоры, беделді халықаралық конкурстардың жеңімпазы және мәртебелі «Steinway Artist» атағының иегері – Юрий Богданов өнер көрсетті.

Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі 1991 жылы әлемге әйгілі скрипкашы, Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, профессор, оркестрдің көркемдік жетекшісі Айман Мұсахаджаеваның бастамасымен құрылды.