Ұлттық ұланның 6505 әскери бөлімінде Ашық есік күні өтті

979
Фотосурет: ҚР ІІМ ҰҰ «Орталық» өңірлік қолбасшылығының

Н. Әбдіров атындағы жалпы білім беретін мектептің 6 сыныптарының «Жас сарбаз» оқушылары үшін ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімінде Ашық есік күні ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шара «Жас сарбаз» сыныптарының тәрбиешілері, запастағы подполковник Бекжан Аукешев пен запастағы подполковник Нұржан Кожамжаровтың жетекшілігімен өтті.

Ашық есік күні аясында оқушылар әскери бөлімнің музейін аралап, оның тарихымен, жауынгерлік жолымен және ерлік дәстүрлерімен танысты. Клуб музейінде қойылған тарихи құжаттар, әскери киім үлгілері мен марапаттар жас сарбаздардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық рухын нығайтты.

Маған бүгінгі Ашық есік күні өте қатты ұнады. Біз әскери бөлімге барып, музейді көрдік. Сарбаздардың қалай қызмет ететінін білдік, әскери техникалар мен қаруларды көрдік. Барлығы өте қызықты болды. Мен Отанымды жақсы көру керек екенін түсіндім. Осындай іс-шаралар жиі болса екен – деді оқушылардың бірі.

Сонымен қатар, оқушыларға сарбаздардың күнделікті қызметі, әскери техника мен қару-жарақ түрлері таныстырылып, іс-шара танымдық мазмұнымен ерекшеленді. Бұл кездесу жас өрендер үшін тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор шара болды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -