ҚР Ұлттық кітапханасында жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жақау Дәуренбековтің туғанына 80 жыл толуына орай «Сарабдал сөз иесі – Жақау Дәуренбеков» атты еске алу кеші өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кешке қаламгердің замандастары, әріптестері, әдебиеттанушылар мен журналистер қатысып, қаламгердің шығармашылығы мен отандық журналистиканың дамуына қосқан үлесін талқылады.


Сонымен қатар іс-шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылығына қатысты бейнематериалдар ұсынылды.
