Қаржылық сауаттылық мемлекеттік қызметшілердің тұрақтылығының бір бөлігі

803
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қызметкерлері үшін «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбында дәріс өтті. Дәрісті «AMANAT» партиясының  «Қарызсыз қоғам» ұлттық әлеуметтік жобасы аясында Астана қаласы бойынша ментор, қаржы сарапшысы Мыңбаев Дулат Тайгелтирович жүргізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Дәріс барысында жеке қаржыны басқарудың негізгі аспектілері, атап айтқанда қаржылық жағдайды диагностикалау, кірістер мен шығыстарды талдау, бюджетті жоспарлау қағидаттары, резервтік қор қалыптастыру, сондай-ақ жинақтау мен инвестициялаудың базалық тәсілдері қарастырылды. Сонымен қатар пайыздық мөлшерлемелердің экономикалық табиғаты, номиналдық, нақты және тиімді мөлшерлемелердің айырмашылығы, сондай-ақ күрделі пайыздарды қолданудың ұзақ мерзімді салдарына ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ несиелік құралдарды ұтымды пайдалану мәселелері, қарызды өтеу кестелерінің түрлері, мерзімінен бұрын өтеу шарттары және борыштық жүктемені төмендету тәсілдері жан-жақты талқыланды. Ұсынылған материалдар мемлекеттік қызметшілердің қаржылық жоспарлау бойынша тұрақты дағдыларын қалыптастыруға, жеке қаржылық тұрақтылықты арттыруға және салмақты экономикалық шешімдер қабылдауға бағытталған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -