Руслан Желдібай Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы қызметінен босатылды

1122
Фотосурет: Ақорда

Руслан Желдібай президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы қызметінен босатылды. Тиісті жарлыққа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Желдібай Руслан Сұлтанұлы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің баспасөз хатшысы қызметінен босатылды», — деп хабарлады Ақорда.

Руслан Желдібай 2023 жылдан бері Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы қызметін атқарып, Президенттің қызметін ақпараттық сүйемелдеу, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл мәселелеріне жетекшілік етті.

Өмірбаяны

Руслан Желдібай 1989 жылы туған.

2010 жылы Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған. «Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасының түлегі. 2017 жылы Ұлыбританиядағы Уорик университетінде магистратураны аяқтаған.

Еңбек жолын 2011–2012 жылдары «Қазақстан» ұлттық телеарнасында редактор болып бастаған.

2012–2018 жылдары — «Алматы» телеарнасында бөлім басшысы, продюсер.

2018–2019 жылдары — ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің интернет-кеңістіктегі ақпараттық жұмыс және әлеуметтік желілер басқармасының басшысы.

2019–2020 жылдары — аталған комитет төрағасының орынбасары.

2020 жылғы мамырдан 2022 жылғы ақпанға дейін — ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2022 жылғы ақпан–сәуір айлары аралығында — ҚР Премьер-министрі Кеңсесі басшысының орынбасары.

2022 жылғы сәуірден 2023 жылғы қаңтарға дейін — Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы.

2023 жылғы қаңтар–қыркүйек аралығында — Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары – Президенттің баспасөз хатшысы.

2023 жылғы 1 қыркүйектен 2025 жылғы 17 ақпанға дейін — ҚР Президентінің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі.

2025 жылғы 17 ақпаннан бастап — Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, 2025 жылғы 9 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Руслан Желдібайды қайтадан өзінің көмекшісі етіп тағайындаған болатын.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының өзге бір жарлығымен Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды. Ол бұрын атқарған лауазымынан босатылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -