Айбек Смадияров Президенттің баспасөз қызметінің басшысы болып тағайындалды

1023
Фотосурет: Gov

Айбек Смағадияров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Тиісті өкімге Мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлайды DKNews.kz.

"Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды,"- Ақорда.

Ресми хабарламада Смағадияров Айбек Серікбайұлы жаңа лауазымға тағайындалып, бұрын атқарған қызметінен босатылғаны айтылған.

Айбек Смағадияров 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін «құжаттанушы-халықаралық қатынастар маманы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Түркия Республикасының Сыртқы істер министрлігінде жас дипломаттарға арналған курстардан, ҚР СІМ елшілері мен құрылымдық бөлімше басшыларына арналған біліктілікті арттыру курстарынан өткен. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге арналған Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы және Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс нормалары бойынша оқудан өткен. Дипломатиялық дәрежесі — II сыныпты кеңесші.

Еңбек жолын жеке секторда бастап, «Қазақстандағы Қытай Банкі» АҚ Әкімшілік департаментінің маманы болып жұмыс істеген. Кейін дипломатиялық қызметке ауысып, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Еуропа департаментінде атташе, Қазақстанның Венгриядағы елшілігінде үшінші хатшы, Вьетнамдағы елшілігінде екінші хатшы қызметтерін атқарған.

Әр жылдары Айбек Смағадияров сыртқы саяси ведомство жүйесінде басшылық лауазымдарда еңбек етіп, оның ішінде Қазақстан СІМ баспасөз қызметін басқарды. 2019 жылғы маусымнан бастап Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары – ҚР СІМ баспасөз хатшысы болды. 2023 жылғы маусымнан 2025 жылғы ақпанға дейін Сыртқы істер министрлігінің Коммуникациялар департаментін басқарды.

2025 жылғы ақпаннан бастап Айбек Смағадияров Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы әрі ҚР СІМ-нің ресми өкілі қызметін атқарды. 2025 жылғы желтоқсанда бұл лауазымнан босатылып, 15 желтоқсанда Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалуы Айбек Смағадияровтың мемлекеттік қызмет пен Мемлекет басшысының қызметін ақпараттық сүйемелдеу саласындағы кәсіби жолындағы кезекті кезеңі болып отыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -