Қобыз — сабақтастықтың символы: Мақсат Медеубек концерті

946
Фотосурет: qazaqculture.com

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында Мәдениет саласының үздігі Мақсат Медеубектің «QOBYZ SOUL – DASTUR» атты концерті өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кеш барысында көрермен қобыздың шығу тарихымен, көркемдік ерекшеліктерімен танысып, рухани әсерге бөленді. Концерттік бағдарламада Қорқыт, Ықылас, Тәттімбет, Мұхиттің күйлері және түркі халықтарына ортақ туындылар орындалды.

«Жобаның басты мақсаты – қобыз өнерін кеңінен дәріптеп, оның мүмкіндіктерін таныту және дамыту. Қобыздың түпкі қызметі бақсылық дәстүрмен тығыз байланысты болып, сол заманнан жеткен әуендік сарындар сақталған. Бүгінде қобыз заманауи талаптарға сай академиялық бағытта дамуда. Әлемдік классиктердің шығармаларын орындауға мүмкіндік беріп отыр», – деді Мақсат Медеубек.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -