Өңдеу және инвестиция: Қазақстан агроэкспортты кеңейтіп жатыр

880
Фотосурет: Gov

Қазақстанның Gulfood 2026 халықаралық тамақ өнеркәсібі және сусындар көрмесіне қатысу аясында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров агроөнеркәсіптік саладағы ірі халықаралық және өңірлік компаниялардың өкілдерімен бірқатар екіжақты келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Lulu Group International компаниясының негізін қалаушы Юсуф Али және Түрік астық кеңесінің басқарма төрағасы әрі бас атқарушы директоры Ахмед Гюлдалмен кездесулер барысында қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау көлемін ұлғайту, агроөнеркәсіп кешеніне инвестициялар тарту, өңдеу кәсіпорындарын дамыту, сондай-ақ ұзақ мерзімді және тұрақты серіктестік қатынастарды құру сияқты негізгі мәселелер қаралды.

Solico Group компаниясының басқарма төрағасы Голам-Али Солейманиімен кездесуде Қонаев қаласында ірімшік шығаратын зауыттың құрылысын іске асыру жобасының барысы талқыланды. Жоба аясында кілегейлі ірімшік, фета, моцарелла және басқа да түрлі өнім түрлері шығарылады. Жобаланған өндірістік қуаттылық күніне 155 тонна дайын өнімді құрайды, ал барлық кезеңдерді іске асыруға арналған жалпы инвестиция көлемі шамамен 180 млн АҚШ долларын құрайды.

Сонымен қатар министр Solico Group компаниясына қарасты SoFood ет өнімдерін шығаратын зауыттың қызметімен танысты. Кәсіпорын күніне 40 тоннаға дейін 10-нан астам ет өнімін өндіреді.

Жұмыс сапарының іскерлік бағдарламасы Al Ghurair Group компаниясының басқарма төрағасы Джамал Маджид Аль Гурейр мырзамен кездесумен қорытындыланды. Кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласында инвестициялық ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелері мен перспективалары, соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу жобалары талқыланды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -