Қазақстан нарығында HONOR X8d смартфоны ресми түрде таныстырылды. Танымал X Series желісін толықтырған бұл модель дизайн, автономдылық және жасанды интеллект мүмкіндіктерінің үйлесіміне басымдық беретін пайдаланушыларға арналған. Өте жұқа корпусына қарамастан, HONOR X8d қуатты аккумулятормен, интеллектуалды басқарумен және флагман деңгейіндегі экранмен жабдықталған, деп хабарлайды DKNews.kz.
Жұқа дизайн және ұзақ жұмыс уақыты
HONOR X8d алғашқы секундтардан-ақ сыртқы келбетімен назар аударады. Қалыңдығы небәрі 7,5 мм болатын корпус смартфонды жеңіл әрі қолға ыңғайлы етеді. Микро-нано текстурасы жарыққа әдемі шағылыс беріп, ал металл жақтауы құрылғыға премиум сипат қосады.
Бірақ ең басты артықшылық – ішкі мүмкіндіктерінде. Смартфон 7000 мА·сағ сыйымдылықтағы аккумулятормен жабдықталған. Бұл өз сегментіндегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Бір қуатта құрылғы 52 сағатқа дейін жұмыс істей алады, ал бейне көру уақыты 31 сағатқа дейін жетеді. Батареяның ұзақ мерзімділігі де назар аударарлық – 6 жылға дейін айтарлықтай тозусыз қызмет етуі мүмкін.
45 Вт HONOR SuperCharge жылдам қуаттау технологиясы зарядты қысқа уақытта толықтыруға мүмкіндік береді. Қуаттағыштың қорапта бірге берілуі де пайдаланушылар үшін жағымды жаңалық.

Климатқа бейімделген сенімді смартфон
Қазақстанның ауа райын ескерсек, құрылғының температураға төзімділігі маңызды. HONOR X8d аккумуляторы -20 °C-тан +45 °C-қа дейінгі диапазонда тұрақты жұмыс істейді. Бұл оны қалада да, сапарда да сенімді серікке айналдырады.
Сонымен қатар смартфон 2 метрге дейінгі биіктіктен құлауға төтеп бере алады және IP65 стандарты бойынша шаң мен ылғалдан қорғалған. Қысқа уақыт суға түсу де құрылғы үшін қауіпті емес.
ЖИ-батырма: смартфонмен өзара әрекеттің жаңа форматы
HONOR X8d-тің басты ерекшеліктерінің бірі – жасанды интеллект функцияларына арналған жеке физикалық батырма. Қысқа басу арқылы жиі қолданылатын қосымшаларды бірден іске қосуға болады. Ал ұзақ басу кеңейтілген ЖИ мүмкіндіктерін ашады: нысандарды тану, мәтінмен жұмыс, субтитрлер және жеке деректерді қорғау функциялары.
Android 16 негізіндегі MagicOS 10 жүйесі смартфонды күнделікті өмірде нағыз көмекшіге айналдырады. Интерфейс тез, логикалық әрі пайдаланушыға бейімделген.

108 МП камера және ЖИ-редакциялау
Фотосуретке әуес жандар үшін HONOR X8d 108 мегапиксельді негізгі камера ұсынады. Күндіз де, түнде де кадрлар анық әрі қанық шығады. Сапаны жоғалтпай 3 есе зум мүмкіндігі кадр таңдауда еркіндік береді.
Жасанды интеллектке негізделген өңдеу құралдары суреттерді тікелей смартфонда реттеуге мүмкіндік береді: қажетсіз нысандарды өшіру, сапаны арттыру, кадрды кеңейту – барлығы бірнеше қимылмен.
OLED дисплей және тұрақты өнімділік
6,77 дюймдік OLED дисплей 120 Гц жаңарту жиілігімен және 3000 нитке дейінгі жарықтықпен жабдықталған. Экран ашық күнде де анық көрінеді, ал анимациялар тегіс әрі жағымды.
Көзді қорғауға арналған бірнеше технология енгізілген: жоғары жиілікті ШИМ, түнгі режим, көк жарықты азайту және «Электронды кітап» режимі.
Snapdragon 6s 4G Gen 2 процессоры күнделікті тапсырмалар мен көптапсырмалы режимде тұрақты жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. RAM Turbo технологиясы жедел жадты 16 ГБ баламасына дейін кеңейтеді, ал 256 ГБ-қа дейінгі ішкі жад контент үшін жеткілікті.

Бағасы мен түстері
HONOR X8d үш түсте ұсынылған:
- Аспан көгі
- Барқыт сұр
- Барқыт қара
Қазақстандағы ұсынылған бағалар:
- 8 ГБ + 128 ГБ – 169 990 теңге
- 8 ГБ + 256 ГБ – 179 990 теңге
HONOR X8d – жұқа дизайн мен ұзақ автономдылықты, жасанды интеллект пен сенімділікті бір құрылғыда үйлестірген смартфон. Ол күнделікті өмірде ыңғайлылықты бірінші орынға қоятын пайдаланушыларға арналған.