Қазақстанда тәуекел-менеджмент, қаржы және data-аналитика саласына қызығғатын студенттер үшін маңызды халықаралық алаң ашылды. Елімізде RISK MANAGEMENT CASE COMPETITION 2026 (RMCC 2026) байқауына университеттік командалардан өтінім қабылдау басталды. Бұл - теорияны емес, нақты кәсіби дағдыларды тексеретін, халықаралық мансапқа жол ашатын жарыс, деп хабарлайды DKNews.kz.
Байқауды Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан-Британ техникалық университеті бірлесіп ұйымдастырып отыр. Бас серіктес - Freedom Insurance сақтандыру компаниясы.
Бұл жай ғана байқау емес
RMCC 2026 классикалық студенттік олимпиада форматынан әлдеқайда кең. Қатысушыларға нақты өмірде қолданылатын тапсырма беріледі. Студенттік командалар жол-көлік оқиғасының тәуекелін бағалауға арналған скоринг моделін әзірлеуі тиіс. Бұл жұмыс машиналық оқыту элементтерін қолдана отырып, ұйымдастырушылар ұсынған dataset негізінде орындалады.
Дайын шешім кәсіби қазылар алқасының алдында қорғалады. Яғни, студенттер өз идеяларын болашақта осы саламен айналысатын сарапшыларға дәлелдеуі керек.
Байқау қалай өтеді
Жарыс бірнеше кезеңнен тұрады:
- шешімдерді қашықтан дайындау;
- Risk Advisors тарапынан кәсіби кеңестер;
- іріктеу турлары;
- Алматы қаласында ҚБТУ алаңында өтетін офлайн финал.
Өңірлердегі командалар үшін де мүмкіндік қарастырылған - олар финалға Teams платформасы арқылы онлайн қатыса алады.
Жүлде тек ақша емес, мансапқа инвестиция
RMCC 2026 байқауының басты ерекшелігі - жүлде қоры. Ол қысқа мерзімді сыйақыға емес, ұзақ мерзімді кәсіби дамуға бағытталған.
1 орын
- FRM емтиханын тапсыруға грант (емтихан ақысы 100% төленеді) және FRM 1 Exam курсы
- CII сертификаттауы үшін 80 оқу кредитіне грант + CII мүшелігі
2 орын
- FRM емтиханын тапсыруға грант (100% төлем)
- CII сертификаттауы үшін 60 оқу кредиті + CII мүшелігі
3 орын
- FRM 1 Exam курсы бойынша оқу
- CII сертификаттауы үшін 40 оқу кредиті + CII мүшелігі
Жеңімпаздар өздерінің кәсіби және мансаптық жоспарларына сәйкес жүлде нұсқасын таңдай алады.
Кімдер қатыса алады
Байқауға Қазақстан және шетел жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады.
Негізгі талаптар:
- команда құрамында 2-5 адам болуы керек;
- командалар межвузовский форматта құрылуы мүмкін;
- әр университеттен қатысатын командалар саны шектелмейді;
- жұмыс тілдері - қазақ, орыс және ағылшын.
Өтінім беру мерзімі - 2026 жылғы 9 ақпанға дейін.
Жеңімпаздарды кім анықтайды
Қазылар алқасы - саланың тәжірибелі өкілдері. Оның құрамында қаржы нарығын реттеу саласындағы басшылар мен сарапшылар, қаржылық тәуекелдерді басқару бойынша сертификатталған мамандар, data-аналитиктер және сақтандыру секторының практиктері бар.
Неге бұл байқау студенттер үшін маңызды
Freedom Insurance басқарма төрағасы Азамат Керімбаевтың айтуынша, мұндай жарыстар болашақ мамандар үшін ерекше рөл атқарады.
@Freedom
«Мұндай бастамалар студенттер үшін өте маңызды. Олар өз білімдерін тексеруге, тәжірибе қалыптастыруға және тәуекел-менеджмент алгоритмдерінің қалай құрылатынын іс жүзінде түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл байқау жас мамандардың болашақ кәсіби дамуының негіз қалауға көмектеседі».
FRM мен CII неліктен маңызды
FRM - қаржылық және тәуекел-менеджмент саласындағы әлемдегі ең беделді халықаралық сертификаттардың бірі. Ол қаржы және сақтандыру секторында жұмыс берушілер тарапынан жоғары бағаланады.
CII - сақтандыру және тәуекелдер саласындағы халықаралық кәсіби институт. Мұндағы оқу мен мүшелік халықаралық стандарттарға, білім беру бағдарламаларына және кәсіби қауымдастыққа жол ашады.
RMCC 2026 - студент үшін резюме толтыруға арналған кезекті жол емес. Бұл - болашақ кәсіби өмірге жасалатын нақты қадам. Тәуекелді есептей алатын, деректермен жұмыс істей алатын жаңа буын мамандар дәл осындай алаңдарда қалыптасады.