Мәдениет өкілдері жаңа Конституция жобасын қалай бағалап отыр

1221
Фотосурет: Gov

Астанада кәсіби мәдени қауымдастық өкілдерінің қатысуымен Конституцияның жаңа жобасына арналған талқылау өтті. Кездесу жаңартылған негізгі заңның мазмұнын жан-жақты қарастыруға бағытталған қоғамдық диалог алаңына айналды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Талқылауға мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов, мемлекеттік мәдениет, өнер, архив және білім беру салаларындағы мекемелердің басшылары мен мамандары қатысты.

Негізгі бағыттар қандай

Жиын барысында Конституция жобасында көзделген бірқатар маңызды қағидаларға назар аударылды. Атап айтқанда:

  • азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау;
  • тарихи-мәдени мұраны сақтау;
  • қоғамның рухани құндылықтарын нығайту;
  • гуманитарлық саланың қоғамдық дамудағы рөлі.

Қатысушылар Конституция негізін жаңарту жағдайында мәдениет саласының қоғамдық сананы қалыптастырудағы және азаматтық жауапкершілікті арттырудағы маңызын атап өтті.

Архив саласының көзқарасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланованың айтуынша, Конституцияның жаңа редакциясының жобасы елдің ұзақ мерзімді дамуы үшін стратегиялық маңызға ие.

«Конституцияның жаңа жобасы – бұл жай ғана кезекті құжат емес, мемлекет пен азамат арасындағы жаңа қоғамдық келісімнің негізі. Бүгінде мәдениет саласының өкілдері болашақ ұрпаққа мәдени және тарихи мұраны сақтау мен жеткізу бағытында белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Оның ішінде цифрлық шешімдер мен жаңа технологияларды қолдану маңызды орын алады. Жасанды интеллект және цифрландыру жылы аясында негізгі заң талаптарын заманауи құралдар арқылы іске асыруға мүмкіндік бар», – деді ол.

Мәдениет пен ұлттық бірегейлік

Талқылау барысында мәдениет пен гуманитарлық саланың ұлттық бірегейлікті нығайтудағы, тарихи сабақтастықты сақтаудағы және қоғамды біріктірудегі рөліне ерекше мән берілді. Қатысушылардың пікірінше, Конституцияның жаңа жобасы осы бағыттарды жүйелі түрде дамытуға құқықтық негіз қалайды.

Ортақ ұстаным

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын бірауыздан қолдап, оның өзектілігін, қоғамдық сұранысқа сай келетінін және елдің ұзақ мерзімді дамуына бағытталғанын атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -