Жандар Асан: Саяси реформалар жаңа дәуірдің бастауы

1210
Фотосурет: Жандар Асанның мұрағатынан

Елдегі саяси реформаларды мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді арттыруға бағытталған жаңа дәуірдің бастауы деп бағалауға болады. Бұл туралы саяси сарапшы, белгілі коммуникация және медиа маманы Жандар Асан Facebook парақшасында жазды, передает DKNews.kz.

«Достар!

Бүгін елордада «Жаңа Конституция: сенім мен дамудың жаңа архитектурасы» атты сарапшылар алаңы өтті.

Алқалы басқосуда ғылыми қауымдастық өкілдері мен сарапшылар жаңартылған Ата заң жобасын жан-жақты талқылады.

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты.

Елдегі саяси реформаларды мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді арттыруға бағытталған жаңа дәуірдің бастауы деп бағалауға болады.

Соңғы ширек ғасырдан астам уақыт ішінде құндылықтар жаңарып, қоғам айтарлықтай өзгерді.

Осындай кезеңде жаңа стратегиялық қадамдардың жасалуы – заңды үрдіс.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин атап өткендей, жаңа Конституция жобасы қоғамда бұрыннан талқыланып келе жатқан бірқатар сезімтал әрі маңызды мәселелер бойынша ортақ ұстанымды бекітуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ құжатта дәстүрлі құндылықтар мен қоршаған ортаны қорғауға айрықша назар аударылып, ұлттық болмысты сақтауға ерекше мән берілген.

Қорыта айтқанда, жаңа Конституция – ескінің соңы мен жаңаның басын жалғаған алтын көпір, мемлекетімізді одан әрі нығайтудың маңызды тетігі», – деп жазды Жандар Асан.

Еске сала кетейік, 21 ақпанда Астанада «Жаңа Конституция: сенім мен дамудың жаңа архитектурасы» атты сараптамалық алаң өтті. Іс-шараға Парламент депутаттары, Конституциялық комиссия мүшелері, мемлекеттік органдар өкілдері, академиялық және сарапшылық қауымдастық, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатысты.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мен «AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институтымен бірлесіп ұйымдастырды.

Сараптамалық алаң жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін, олардың институционалдық, құқықтық және саяси салдарын ашық талқылау форматында өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -