Алматыда әскери-патриоттық тәрбие мәселелеріне қатысты дөңгелек үстел өтті

814
Ринат Сафин Редактор
Фотосурет: Gov

Алматыда «Жаңа форматтағы әскер. Әскери-патриоттық тәрбие» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Отырысты Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабеков басқарды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шара Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжінде ұйымдастырылды. Оған Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектор өкілдері және медиасарапшылар қатысты.

Әскердегі жастарға жаңа мүмкіндіктер

Қорғаныс министрінің орынбасары армияда жастардың жан-жақты дамуына жағдай жасалып жатқанын атап өтті.

«Біз цифрландыруды дәйекті түрде дамытып, әскер мектебінен өткен азаматтарға білім беру мен әлеуметтік мүмкіндіктерін кеңейтеміз. Біздің стратегиялық мақсатымыз – жоғары технологиялық армия құру, адами әлеуетті нығайту, әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етіп, олардың жауынгерлік рухын арттыру», – деді Асқар Мұстабеков.

Оның айтуынша, заманауи армия тек әскери дайындықпен шектелмей, тұлғалық даму мен әлеуметтік қолдауды қатар қамтуы тиіс.

Патриоттық тәрбие тек армиямен шектелмейді

Парламент Сенатының депутаты Ғалиасқар Сарыбаев әскери-патриоттық тәрбиенің қоғамдағы рөліне тоқталды.

«Патриоттық тәрбиені армиямен ғана байланыстыру дұрыс емес. Біз мектеп жасынан бастап ант беруге дейінгі аралықта қалыптасатын тәрбиені айтып отырмыз», – деді сенатор.

Ал Сенат депутаты Геннадий Шиповских Қорғаныс министрлігіндегі патриоттық даярлық жүйесіне оң баға берді. Оның пікірінше, жастар санасын қалыптастыруда мәдени-ағартушылық жұмыстардың маңызы зор.

«Армия туралы объективті түсінік қалыптастыру үшін фильмдер түсіру, әскери бөлімдер туралы сапалы репортаждар жариялау, әскери мамандардың кәсіби еңбегін көрсету қажет», – деді ол.

Патриотизм отбасыдан басталады

«Аналар жүрегі» сарбаз аналары комитетінің өкілі Татьяна Тропина патриоттық тәрбиенің қоғамдағы рөліне назар аударды.

«Сенім қарапайым нәрседен – адам қауіпсіздігінен, отбасына құрметтен, шынайы іріктеуден, қызметтен мән табудан және қоғамның бұл тақырыпта сөзбен емес, іспен әрекет етуінен басталады. Сонда патриотизм абстракциялы ұғым ғана болмай, жастар саналы түрде қабылдайтын жауапкершілікке айналады», – деді ол.

Жүйелі жұмыс қажет

Қатысушылардың пікірінше, әскери-патриоттық тәрбие:

  • барлық жас санаттарын қамтуы тиіс
  • білім беру жүйесімен тығыз байланыста болуы керек
  • қоғам мен мемлекеттің бірлескен жұмысына негізделуі қажет
  • Қарулы күштердің беделін арттыруға бағытталуы тиіс

Іс-шара аясында қонақтар әскери-спорт колледжінің материалдық-техникалық базасымен танысып, кадеттердің күнделікті өмірі мен бос уақытын қалай өткізетінін көрді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -