Президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаев Алматы жастарымен кездесіп, жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Студенттер, белсенділер және қоғам өкілдері өз сауалдарын қойып, пікір алмасты.

Жастарды жаңа Конституциядағы мүмкіндіктер қызықтырды
Кездесу барысында ең көп талқыланған сұрақ – «Жаңа Конституция жастарға не береді?» болды.
Арман Қырықбаевтың айтуынша, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жоба:
- заманауи сын-қатерлерге жауап береді
- елдің ұзақ мерзімді дамуына құқықтық негіз қалайды
- адам құқықтарының кепілдіктерін күшейтеді
- кәсіпкерлікті қолдауға басымдық береді
- білім, ғылым және инновацияны дамытуға бағытталған
Бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастыру – басымдық
Президент көмекшісі жаңа Ата Заң бәсекеге қабілетті, білімді әрі технологиялық тұрғыдан сауатты ұрпақ тәрбиелеуге құқықтық негіз қалыптастыратынын атап өтті.

Оның айтуынша, жас ғалымдар мен стартап жобаларды қолдау – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі.
«Әділетті Қазақстан» идеясы Конституцияда көрініс тапты
Кездесу барысында Президенттің «Әділетті Қазақстан», «Таза Қазақстан» және «Заң мен Тәртіп» бастамаларына ерекше назар аударылды.
Арман Қырықбаевтың сөзінше, бұл қағидаттар:
- заң үстемдігін нығайтуға
- әділеттіліктің салтанат құруына
- қоғамдық тәртіп пен экологиялық жауапкершілікті арттыруға
бағытталған.

«Заң мен Тәртіп» қағидаты, қоршаған ортаға ұқыпты қарау, «Әділетті Қазақстан» идеясы – Президенттің жыл сайынғы Жолдауларында үнемі көтеріліп келеді. Жаңа Конституция мәтінін әзірлеу барысында 10 мыңнан астам ұсыныс түсті. Олардың басым бөлігі адамға бағдарланған құндылықтарға арналды. Демек, Мемлекет басшысы халықтың жүрегінде көптен бері жүрген дүниелерді қозғап жүр. Сондықтан бұл идеялардың жаңа Конституция мәтінінде көрініс табуы заңды құбылыс», – деді Арман Қырықбаев.