Алғыс айту – игілік дарыту

902
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Мен татар ұлты болсам да, Қазақстанда өзімді суда жүзген балықтай сезінемін, деп хабарлайды DKNews.kz.

Өйткені, мен тұрмақ, менің әкем де кіндік қанын Петропавл қаласында тамызған. Кешегі тарихқа үңілсек, те  қазақ елімен бауырластық қарым-қатынас ғасырлар бойы жалғасын тауып келеді. Мысалы Уфадағы Ғалия медресесі талай қазақ жастарының сауатын ашқаны әмбеге аян. Бұл қала Алашордаға бас қосар құтты орын болды.  Әлихан Бөкейханов Орынборды ортақ астана қылып, татар-қазақ біртұтас автономиясын құрмақшы болғанын да біреу білсе біреу білмес. Жалпы, түркітілдес халық болған соң да тілегіміз бір.  Сондықтан тілектес елдің туын тік ұстау мен үшін үлкен абырой.  Бүгінде Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылғына қарасты 5512 әскери бөлімінде  ел алдындағы азаматтық борышымды өткерудемін. Біздің жауынгерлік міндеттің басым бөлігі Павлодар қаласындағы қоғамдық қауіпсіздікті қадағалауға бағытталады.  Қаруластар арасында дараланып, кез келген әскери сынақтан сүрінбей, қойылған тапсырмаларды дер кезінде орындауға әрдайым барымды саламын. Өйткені, мен осылайша, туған елге деген өз алғысымды білдіргім келеді.

Қатардағы жауынгер Иван Кошиков, 5512 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -