Қазақстандағы өнеркәсіпте жасанды интеллект дәуірі басталды

814
Фотосурет: Gov

Елімізде өнеркәсіптегі цифрлық трансформация жаңа деңгейге көтерілді. 2025-2026 жылдарға арналған Жол картасы аясында отандық 11 компания жасанды интеллектіні енгізіп, 40-тан астам жобаны іске асырмақ, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл қадам өндіріс тиімділігін арттырып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Solidcore Resources тәжірибесі

QazIndustry мамандары Solidcore Resources компаниясында цифрлық жаңғыртудың нәтижелерімен танысты. Елордалық кеңсеге жасалған сапар барысында мамандар енгізілген ЖИ қызметінің тиімділігін және өндірісті одан әрі автоматтандыру жоспарын зерттеді.

Тау-кен саласында қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Жол картасы аясында Solidcore Resources кәсіпорындарында тау-кен саласындағы қауіпсіздік пен өндіріс тиімділігін арттыруға бағытталған төрт ЖИ элементі іске қосылуда.

Автоматтандырылған медициналық тексеру жүйесі

Жобаның алғашқы кезеңі бойынша Абай облысындағы Бақыршық тау-кенінде автоматтандырылған медициналық тексеру жүйесі (АМТЖ) іске қосылды. 100 шаршы метрлік заманауи медициналық пунктте қызметкерлер ауысым алдындағы тексеруден өтеді.

«Қауіптің алдын алу арқылы біз жұмысшыларымыздың өмірін сақтап қана қоймай, бюджет қаржысын да үнемдейміз. Яғни, қаражатты төтенше жағдайлардың салдарын жоюға емес, компанияның дамуына бағыттаймыз», – дейді компания өкілдері.

Жасанды интеллект жүйесінің келесі элементтері

Қазіргі уақытта Қостанай облысындағы Варварин хабы мен Павлодар өңіріндегі Ертіс гидрометаллургиялық комбинатында екі жаңа ЖИ жүйесін іске қосуға дайындық жүргізілуде. Бірінші жүйе – жұмысшыны нақты уақыт режимінде бақылап, қауіпті аймақтарда дереу ескерту жасайды, ал оператордың цифрлық ассистенті өндірістік шешімдерді оңтайландырады және апаттардың алдын алады.

Флотация процесін бақылау

Жыл соңына дейін төртінші ЖИ жобасы – флотация процесін бақылау және басқару жүйесі енгізіледі. Бұл металл мен реагенттер шығынын азайтуға мүмкіндік береді және өнім сапасын арттырады.

Цифрлық трансформацияның тиімділігі

QazIndustry өкілдері жобалардың тиімділігі жоғары екенін атап өтті. Компанияның цифрлық трансформациясына консультативтік және талдамалық қолдау көрсетуге дайындық білдірді. Сондай-ақ бизнеске арналған мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы ақпарат ұсынылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -