Жандар Асан: «Жоғары нәтиже – ішкі саясат пен коммуникацияның жүйелі жұмысы»

1210
Фотосурет: Жандар Асан мұрағатынан

Жалпыұлттық референдумның аса жоғары деңгейде өтуі, дауыс берушілер саны бойынша рекордтық көрсеткіштің тіркелуі – жүйелі жүргізілген ішкі саясат пен тиімді коммуникация жұмысының нәтижесі. Бұл туралы саяси сарапшы, коммуникация және медиа PhD докторы Жандар Асан айтты, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Конституция жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап, елімізде кең ауқымда ақпараттық-насихаттық науқан жүргізілді. Атқарылған үгіт жұмыстары өзінің тиімділігін дәлелдеді», – деп атап өтті Жандар Асан.

Атап айтқанда, жалпыұлттық коалиция аясында ел бойынша 700-ге жуық іс-шара өткізілген.

Ал жастар бір ай ішінде түрлі форматта 5 мыңға жуық кездесу өткізіп, оған 1,5 миллионнан астам азамат қатысқан.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -