Оңтүстік өңірлерде ирригациялық каналдарды автоматтандыру жұмыстары басталды

1034
Фотосурет: Gov

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту аясында Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық каналды автоматтандыру жұмыстары қолға алынды. Бұл шара су ресурстарын тиімді басқаруды қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды DKNews.kz.

Реконструкцияланған каналдар да автоматтандырылып жатыр

Бұған дейін реконструкциядан өткен, жалпы ұзындығы 1184 шақырым болатын 270 канал да автоматтандырылып жатыр. Сонымен қатар:

  • 264 жоба бойынша ирригациялық каналдарды реконструкциялауға арналған жобалау-сметалық құжат әзірленуде
  • Жобалар автоматтандыру элементтері мен заманауи су есептеу жүйелерін енгізуді қамтиды

Цифрлық жүйе және кешенді басқару

«Министрлік цифрлық құралдарды ұштастыра отырып, су ресурстарын басқарудың кешенді, көпдеңгейлі жүйесін қалыптастыруда. Мұндай тәсіл экономиканың түрлі салаларының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, елдің су қауіпсіздігін нығайтуға және өмірлік маңызы бар ресурсты болашақ ұрпақ үшін сақтауға мүмкіндік береді», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Бүгінде министрлік әзірлеген Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі 22 мың су нысанын қамтиды:

  • 17 мыңнан астам өзен
  • 4 мыңға жуық көл
  • гидротехникалық нысандардың 60%-ы

Жыл соңына дейін 6 мыңнан астам каналды цифрландыру жоспарланып, гидротехникалық нысандарды қамту деңгейі 100%-ға жеткізіледі.

Су балансы және қауіпсіздік

Сонымен қатар елдің бірыңғай су балансы қалыптастырылады. Бұл:

  • су шаруашылығы учаскелері бойынша нақты су ағынын бақылауға
  • су қоймаларындағы жинақ көлемін есептеуге
  • суды тұтыну деңгейін салыстыруға мүмкіндік береді

Гидротехникалық құрылысжайлар мен су нысандарының қауіпсіздігіне ерекше назар аударылып, ғарыштық мониторинг пен гидробекеттердің деректері интеграцияланып жатыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -