Қазақстан мен Бразилия агроөнеркәсіп саласында ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады

913
Ринат Сафин Редактор
Фотосурет: Gov

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Қазақстандағы Бразилия Федеративтік Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Марсело Фортуна Биатомен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы агроөнеркәсіптік саланың қазіргі жағдайы мен даму перспективасы, соның ішінде мал шаруашылығын дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Экономикалық ынтымақтастық

  • Екі ел арасындағы агроөнеркәсіп саласындағы тауар айналымы 89,5 млн АҚШ долларын құрап, соңғы кезеңде 10%-ға өскені хабарланды.
  • Вице-министр Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген мал шаруашылығын дамыту кешенді жоспарын таныстырды.
  • Жоспар аясында жылдық 6% сыйақы мөлшерлемесімен жеңілдетілген несие бағдарламасы іске қосылды. Бұл қаражат ауыл шаруашылығы жануарларының санын арттыруға және шаруашылықтардың өндірістік тиімділігін жоғарылатуға бағытталады.

Ғылыми-технологиялық ынтымақтастық

  • «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» бразилиялық тараппен әріптестікті кеңейтуге қызығушылық танытты.
  • Бразилияның аграрлық ғылым жүйесін зерттеу, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру тәжірибесін зерделеу және Қазақстанның аграрлық ғылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленеді.
  • Қазақстандық ғалымдар Бразилиядағы EMBRAPA ғылыми-зерттеу институттарында тағылымдамадан өтеді, бірлескен зерттеулер жүргізіледі, технология трансферті жүзеге асырылады.

Мал шаруашылығы мен агротехнологиялар

  • Құс және мал шаруашылығында заманауи фермаларды салу тәжірибесі енгізіледі.
  • Астықты сақтау және өңдеу жүйелерін дамыту, ауыл шаруашылығын механикаландыру, заманауи техникамен жұмыс істеу үшін кадрларды оқыту мәселелері талқыланды.
  • Тараптар бірлескен жобаларды іске асыру және агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендіктерін жеткізді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -