Алматы облысында жазғы демалыс маусымы жақындаған сайын туристік нысандардың дайындығы қыза түсті. Осы бағыттағы жұмыстардың қалай жүріп жатқанын тексеру үшін ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева арнайы жұмыс сапарымен өңірге барды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Онымен бірге Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов және облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты.
Жағажайлар дайын ба?
Тексеру барысында басты назар Қонаев қаласындағы коммуналдық жағажайлар мен «ASP Arena» кешеніне ауды. Бұл – жазда мыңдаған адам жиналатын негізгі демалыс орындарының бірі.
Жауапты органдардың мәліметінше:
санитариялық дайындық жүргізіліп жатыр
құтқару қызметтері күшейтілуде
медициналық пункттер әзір
қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіп бақылауда
Бірақ Аида Балаева «дайындық бар» деген есеппен шектелмеуді талап етті. Оның айтуынша, бәрі қағаз жүзінде емес, нақты жерде жұмыс істеуі керек.
«Дайынбыз» деу аз — қауіпсіздік бірінші орында
Министрдің басты месседжі — адамдардың қауіпсіздігі.
Ол бірнеше маңызды мәселені ерекше атап өтті:
судағы қауіпсіздік (батудан қорғау, құтқарушылар жұмысы)
«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.