Демалыс маусымы: қазақстандықтар қай елдерге барады және қанша қаржы жұмсайды?

924
Фотосурет: tawatchai07/freepik.com

Демалыс маусымы басталып, көптен күткен тынығу кезеңі жақындаған тұста, қазақстандықтар бұл уақытты қайда өткізетінін және қандай бағыттарды таңдайтынын анықтадық.

Ең алдымен, шетелге шығатындар мен нақты туристердің айырмашылығын ажыратып алған жөн, өйткені бұл екі бөлек санат. Жалпы алғанда, Қазақстаннан басқа елдерге жұмысқа орналасу немесе тұрақты тұру мақсатында емес, уақытша сапарлаған азаматтардың саны 2025 жылы 11,8 млн адамды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2%-ға аз.

Көбінесе шетелге шыққандар басқа елдерге жеке мақсаттармен барған (10,2 млн адам), ал туристік мақсатпен елден 417,1 мың адам шыққан. Айта кетерлігі, тағы 17,5 мың адам шетелге қажылыққа аттанса, 5,6 мың адам ем алу үшін барған.

Сыртқа шыққан келушілердің сапар бағыттары бойынша деректерге сүйенсек, қазақстандықтардың басым бөлігі Ресейге (3,1 млн адам), Өзбекстанға (2,9 млн адам) және Қырғызстанға (2,6 млн адам) барған.

Туристік мақсатпен ҚР азаматтары мүлде басқа елдерге барған. Өткен жылы қазақстандық туристер үшін негізгі бағыттар Қытай (32,9%) мен Түркия (29,5%) болды. Бір қызығы, қазақстандықтардың таңдауы бір жыл ішінде өзгерген: 2024 жылы көш басында Түркия тұрған еді. Алайда Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара туристік алмасу бағдарламалары бұл жағдайды өзгертіп, нәтижесінде Қытайға барған қазақстандық туристер саны 137,3 мың адамға жетіп, бір жылда 8,7%-ға артты.

Қазақстандық туристер арасында сұранысқа ие бағыттардың қатарында Мысыр (43,1 мың адам), Грузия (31,8 мың адам), БАӘ (22,6 мың адам) және Вьетнам (13,5 мың адам) бар. Қазақстаннан шығатын келушілер мен туристер ең көп таңдайтын бағыттар бойынша, сондай-ақ көпжылдық динамикаға қатысты толық мәліметтер ақпараттық кестеде ұсынылған.

Алдағы демалыс маусымына орай, шетелге шығуды жоспарлап отырған қазақстандықтарға отандық банктер қандай өнімдер ұсынатынын да қарастырып көрдік. Мұндай өнімдер расымен де бар — саяхатқа арналған карталар.

Қазіргі таңда мұндай карталарды, мысалы, ForteBank (ForteTravel картасы), Банк ЦентрКредит (#TravelCard картасы) және Home Credit Bank (Aspan картасы) ұсынады. Бұл карталар премиум санатқа жатады және иелеріне бірқатар қосымша артықшылықтар береді.

ForteTravel премиум картасының иелеріне бірқатар тиімді сервистер ұсынылады: кезексіз Fast Track арқылы қауіпсіздік бақылауынан жедел өту, сапар кезінде бүкіл отбасын қамтитын сақтандыру (500 мың АҚШ долларына дейін), әлемнің түрлі әуежайларындағы Lounge Key бизнес-залдарына және Астана әуежайының CIP-залына тегін кіру. Сондай-ақ 24/7 қолжетімді консьерж қызметі мен Forte FX платформасында тиімді валюта айырбастау мүмкіндігі бар. ForteTravel картасының ерекше артықшылығы — Flexiroam жаһандық роумингі (роумингте 1 ГБ тегін интернет және кейінгі роуминг-пакеттерге 15% жеңілдік).

Банк ЦентрКредит пен Home Credit Bank карталарының иелеріне бизнес-залдарға кіру, Fast Track және сақтандыру қызметтерінен бөлек, әлемнің түрлі елдерінде автокөлік жалдау мүмкіндігі де ұсынылады (Home Credit Bank картасы бойынша — жеңілдікпен).

Мұндай карталардың құнына келсек, картаны шығару және оған қызмет көрсетуді толықтай тегін ұсынатын жалғыз банк — ForteBank. Алайда тегін қызмет алу үшін мына талаптардың бірін орындау қажет: ForteBank-тегі депозитте орташа айлық қалдық 2 млн теңгеден кем болмауы немесе ай сайын 200 мың теңгеден жоғары қолма-қол ақшасыз төлемдер жасалуы, сондай-ақ картаға ай сайын 500 мың теңгеден жоғары жалақы немесе іссапар төлемдері түсуі тиіс. Бұл шарттар орындалмаған жағдайда, картаны пайдалану құны айына 2,5 мың теңгені құрайды.

Home Credit Bank картаны тегін шығарады, ал одан кейінгі ай сайынғы қызмет көрсету құны 3 мың теңгені құрайды.

Банк ЦентрКредитте пластикалық картаны шығару құны — 10 мың теңге, ал цифрлық карта — 5 мың теңге. Ай сайынғы қызмет көрсету ақысы 5 мың теңгені құрайды немесе келесі талаптардың бірін орындау қажет: картада немесе банктегі салымда толық бір күнтізбелік ай бойы күнделікті негізде 3 млн теңгеден кем емес қалдықтың сақталуы; не жалақы жобалары бойынша (жалақы жобасы басшыларына шығарылған карталар үшін) ай сайын 140 мың теңгеден бастап жалақының есептелуі; немесе карта арқылы ай сайынғы шығындардың 500 мың теңгеден асуы.

Әрине, саяхатшылар үшін бонустық бағдарламалар маңызды. ForteBank «Саяхаттар» санатындағы төлемдерге берілетін 5% кепілдендірілген бонус және интернетте, сондай-ақ Apple Pay / Samsung Pay / Google Pay арқылы жасалатын төлемдерге қосымша 0,5% беріледі, бұдан бөлек, ForteBank таңдауға болатын екі санат бойынша 20%-ға дейін ең жоғары бонустарды ұсынады.

Банк ЦентрКредит Қазақстан ішіндегі travel санатына 7%, такси мен әлем бойынша travel санатына 4%, ал қалған барлық шығындарға 1,5% кешбэк ұсынады.

Home Credit Bank картасы бойынша такси мен коммуналдық қызметтерге 5%-ға, ал басқа барлық шығындарға 5%-ға дейін кешбэк беріледі.

Жеке тоқталып өтсек, саяхатшылар үшін пайдалы серіктестік бағдарлама — Air Astana-ның Nomad Club жүйесі. Оған қатысатын Қазақстандағы ЕДБ карталары (ForteBank — FortePremier, Altyn Bank — Nomad, Bereke Bank — Bereke Premium) бонустық ұпай жинауға мүмкіндік береді, бұл ұпайларды тегін билет алуға, қызмет көрсету класын көтеруге, ұшақтағы ыңғайлы орындарды таңдауға, қосымша багаж ақысын төлеуге және Air Astana рейстеріндегі басқа да қызметтерге пайдалануға болады.

Соңында сапарлар мен саяхаттарға жұмсалатын шығындарға тоқталайық. ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросының іріктемелі зерттеуіне сәйкес 2025 жылы Қазақстаннан шығушылардың шығындары 475 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш күткендей өсіп, бір жылда 26,7%-ға артқан.

Шығындардың ең ірі бөлігі туристік жолдамалар мен межелі жерге дейінгі билеттерге тиесілі — 154,4 млрд теңге. Сондай-ақ қонақүйлерде және өзге де орналастыру орындарында тұруға (98,1 млрд теңге) және тамақтануға (74 млрд теңге) қаражат жұмсалған.

Тауар сатып алуға кеткен шығындар 54,7 млрд теңгені құраса, халықаралық тасымалдарды қоспағандағы көлік шығындары 34,2 млрд теңгені құрады.

Айта кетерлігі, арнайы банктік өнімдерді пайдалану шетелдегі шығындар мен сауданы тиімдірек басқаруға мүмкіндік береді, шетелге сапарларды анағұрлым үнемді әрі қолайлы етеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -