Астанада Жеңіс күніне орай 9 мамырда ауқымды мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады. Қала тұрғындары мен қонақтарына концерттер, спектакльдер, көрмелер, көше акциялары және патриоттық іс-шаралар ұсынылады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Мерекелік бағдарламалар қаланың бірнеше аумағында өтіп, мәдени, әлеуметтік және ағартушылық бағыттарды қамтиды.
8 мамыр: көрме мен концерттер
8 мамыр күні сағат 11:00-де «Нұрлы жол» теміржол вокзалында Жеңіс күніне арналған тақырыптық көрме ашылады.
Елорданың мемлекеттік архиві келушілерге:
- «Ерлік дастаны» тарихи-құжаттық көрмесін,
- тыл еңбеккерлеріне арналған арнайы материалдар экспозициясын ұсынады.
Сол күні сағат 19:00-де Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда «Ерлік дастаны» атты мерекелік концерт өтеді.
Ал М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры дәл осы уақытта көрермен назарына «Әлия» спектаклін ұсынады.
9 мамыр: концерттер мен театр қойылымдары
9 мамыр күні сағат 12:00-де Әзербайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры алдында мерекелік концерт ұйымдастырылады.
Сондай-ақ осы уақытта Қалалық алаңда эстрада жұлдыздарының қатысуымен Жеңіс күніне арналған үлкен концерт өтеді.
Кешкі сағат 18:00-де қала тұрғындары мен қонақтарына бірнеше театр қойылымы ұсынылады:
- Әзербайжан Мәмбетов атындағы театр сахнасында – «Ар адамы – Бауыржан»,
- Музыкалық жас көрермен театрында – «Мәншүк» спектаклі.
Амфитеатрда мерекелік кеш өтеді
9 мамыр күні сағат 18:00-де Амфитеатр аумағында да мерекелік концерт ұйымдастырылады.
Ал Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ ұлттық музыкалық-драма театрында «Жеңіс күні» симфониялық оркестр концерті өтеді.
Ардагерлерге әлеуметтік төлем берілді
Жеңіс күні қарсаңында елордадағы ардагерлерге дәстүрлі түрде біржолғы әлеуметтік төлемдер тағайындалды.
Төлемдер Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы №84/10-VIII шешімімен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету қағидалары негізінде жүзеге асырылады.
Осыған сәйкес:
- Астанадағы Ұлы Отан соғысының ардагеріне 5 миллион теңге көлемінде төлем жасалды.