Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев Жетісу облысының тұрғындарымен кездесу өткізіп, өңірдегі энергетикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, халықтың сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды DKNews.kz.


Газдандыру жобалары
Жетісу облысында газ инфрақұрылымын дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде:
2026 жылы 4 газдандыру жобасы іске асырылады.
Нәтижесінде 4 ауылдық елді мекендегі 10 мың адам табиғи газға қол жеткізеді.
Газдандыру деңгейі 68,6%-ға жетеді.
2027 жылы 134 мың халқы бар 9 елді мекенді газбен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Газдандыру деңгейі 87,9%-ға дейін өседі.
Сонымен қатар, «Текелі энергетикалық кешені» ЖШС-ін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Талдықорғанда жылумен жабдықтау
Үкімет Талдықорған қаласындағы жылумен жабдықтау нысандарының құрылысын аяқтауға қаржы бөлді:
- Жобалар Оңтүстік-Батыс тұрғын ауданында жаңа қазандық пен жылу желілерін салуды қамтиды.
- Болашақ, Көктем, Бірлік және Құлагер шағынаудандарындағы жаңа үйлер мен әлеуметтік нысандарды тұрақты жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
- Қазандық құрылысы: қыркүйек айында қуаты 49 Гкал/сағ жаңа қазандық пайдалануға беріледі.
- Жылу желілері: күзде Оңтүстік-Батыс тұрғын ауданының жылу желілері толық аяқталады.
- Нәтижесінде жаңа шағынаудандардағы 20 мың тұрғын сенімді жылумен қамтылады.
Тұрғындардың сауалдары
Кездесу барысында тұрғындар өзекті мәселелер бойынша сұрақ қойды:
- Өңірді газдандыру
- Сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету
- Көмірмен қамтамасыз ету
Вице-министр Қайырхан Тұтқышбаев барлық сұрақтарға жан-жақты жауап берді, көтерілген мәселелер бақылауға алынды.

