Талдықорғанда өткен жүзуден Қазақстанның жазғы чемпионатында Қарағанды облысының спортшысы Ксения Игнатова ел рекордын жаңартты. Чемпионатқа Қазақстанның 17 өңірінен келген командалармен қатар Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан спортшылары қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жарысқа барлығы 372 спортшы қатысып, бірнеше қашықтық бойынша мықтылар анықталды.
Чемпионаттың алғашқы күнінде екі рекорд тіркелді
Жарыстың алғашқы күнінде-ақ Қазақстанның екі жаңа рекорды жаңартылды.

Ақтөбе облысының өкілі Глеб Коваленя 50 метрге еркін жүзу қашықтығында үздік нәтижені көрсетті.
Ал Қарағанды облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Ксения Игнатова 200 метрге кешенді жүзуде 2:17,40 уақыт нәтижесімен Қазақстанның жаңа рекордын орнатты.
Ксения Игнатова бірнеше алтын медаль жеңіп алды
Чемпионат барысында Ксения Игнатова арқамен жүзу бойынша да жоғары нәтиже көрсетті.

Спортшы:
- 50 метр;
- 100 метр;
- 200 метр қашықтықтарда алтын медаль иеленді.
Жүзушінің жаттықтырушысы — Станислав Осинский.
«Бұл рекордты көптен бері күттім»
Ксения Игнатова жарыстан кейін өз әсерімен бөлісті.
— Бұл рекордты жаңартуға көптен бері талпынып жүрдім, бірақ сәті түспей келді. Бұл жолы дұрыс дайындық, өз-өзіме деген сенім, сондай-ақ бапкерлер мен жанкүйерлердің қолдауы көмектесті. Негізгі мақсатым — ұлттық құрамаға ену еді, оны орындадым. Енді Азия ойындарына дайындалып, бар мүмкіндігімізді көрсетуге күш саламыз, — деді спортшы.
Чемпионат халықаралық іріктеу жарысы саналады
Талдықорғанда өткен чемпионат World Aquatics халықаралық күнтізбесіне енгізілген.
Бұл дода:
- 2026 жылдың желтоқсанында Қытайда өтетін қысқа бассейндегі әлем чемпионатына;
- Сенегалда ұйымдастырылатын жасөспірімдер Олимпиада ойындарына іріктеу және рейтингтік жарыс болып есептеледі.
Сондықтан турнир нәтижелері қазақстандық спортшылар үшін халықаралық деңгейдегі маңызды кезеңдердің бірі саналады.