Creative Aimaq республикалық жобасы аясында елордадағы Qazaq Creative Hub алаңында Павлодар облысының креаторларының жәрмеңкесі өтті.
Көрмені Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Айда Балаева аралап көрді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Павлодарлық шеберлер не ұсынды?
Жәрмеңкеде өңірдің креативті индустрия өкілдері өздерінің үздік жұмыстарын көпшілік назарына ұсынды. Көрмеде:
- сәндік-қолданбалы өнер туындылары;
- ұлттық қолөнер бұйымдары;
- дәстүрлі музыкалық аспаптар;
- қолдан жасалған зергерлік әшекейлер;
- ағаш, тері, сүйек, металл және керамикадан жасалған бұйымдар;
- этностильдегі дизайнерлік киім топтамалары;
- Павлодар облысы суретшілерінің шығармалары;
- өңірде жүзеге асырылып жатқан IT-жобалар таныстырылды.
Шеберлік сабақтары өтті
Іс-шара барысында танымал қолөнершілер мен суретшілер қонақтарға арнайы шеберлік сабақтарын өткізді.
Келушілер зергерлік өнердің, қыш шеберлігінің және дәстүрлі қолөнердің қыр-сырын көріп, бұйымдардың қалай жасалатынымен танысты. Сонымен қатар өздеріне ұнаған өнімдерді сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

Алғашқы күннің нәтижесі
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жәрмеңкенің алғашқы күнінде 1 миллион теңгеден астам сомаға өнім сатылған.

Жобаның мақсаты
Creative Aimaq жобасын «Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қоры жүзеге асырады.

Жобаның негізгі мақсаты:
- өңірлердегі креативті индустрияларды қолдау;
- отандық брендтерді дамыту;
- шығармашылық кәсіпкерлікті ынталандыру;
- Қазақстан өңірлерінің мәдени және креативті әлеуетін танытатын бірыңғай алаң қалыптастыру.

