Бір жыл және 400-ден астам ғалым: Қазақстанда бірегей тарихи жоба аяқталды

605
Мәдина Есенова Редактор
Фотосурет: Gov
Ел тарихындағы ең ауқымды ғылыми жобалардың бірі мәресіне жетті
 

Қазақстанның жаңа академиялық жеті томдық «Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы» басылымы баспаға ұсынылды. 15 шілдеде Астанада өткен Жалпы редакциялық алқаның қорытынды отырысында көптомдықтың соңғы — «Тәуелсіз Қазақстан» атты жетінші томы мақұлданып, баспаға жіберу туралы шешім қабылданды.

Бұл жоба жай ғана кітап шығару емес. Ол Қазақстан тарихын жаңа ғылыми деректер мен халықаралық академиялық стандарттар негізінде қайта зерделеуге бағытталған ең ірі зерттеу жұмыстарының бірі саналады.

Новая академическая семитомная история Казахстана рекомендована к публикации

Жоба қалай дүниеге келді?

Көптомдықты әзірлеу бастамасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында қойылған міндеттер аясында қолға алынған.

Ғалымдардың негізгі мақсаты:

  • Ұлы даланың мыңжылдық тарихын кешенді зерттеу;
  • қазақ жеріндегі мемлекеттіліктің қалыптасуы мен даму сабақтастығын ғылыми тұрғыдан дәлелдеу;
  • ұлттық тарихты жаңа архивтік материалдар мен заманауи зерттеу тәсілдері арқылы қайта пайымдау;
  • қоғамның тарихи жады мен ұлттық бірегейлігін нығайту.

Новая академическая семитомная история Казахстана рекомендована к публикации

350-ден астам қазақстандық және шетелдік ғалым еңбек етті

Қорытынды отырысқа ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Ерлан Карин төрағалық етті. Оның айтуынша, бұл — тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ауқымды ғылыми жобалардың бірі.

«Бүгін біз жеті томдық академиялық басылымның қорытынды 7-томының қолжазбасын бекіттік. Осылайша, бір жыл ішінде ауқымды жұмысты аяқтадық. Бұл еңбекке 350-ден астам отандық және 12 елден келген 56 шетелдік ғалым атсалысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы күннен бастап ұлттық тарих мәселелеріне ерекше назар аударып келеді. Президенттің бастамалары отандық тарих ғылымының жаңа кезеңін қалыптастырды. Соның айқын мысалы – Алтын Орда тақырыбы бойынша кезең-кезеңімен жүзеге асырылған жұмыстар. 2019 жылы бұл мәселе алғаш көтерілсе, кейін Ұлытауда Жошы хан кесенесі маңындағы орталықтың құрылысы басталды, Жошы ұлысын зерттеу институты құрылды, академиялық көптомдықтың жеке томы Алтын Ордаға арналды, ал биыл Астанада ЮНЕСКО деңгейінде халықаралық симпозиум өтті. Бұл – Мемлекет басшысының бастамаларды жүйелі әрі дәйекті жүзеге асыруының нақты көрінісі», – деді Ерлан Карин.

Новая академическая семитомная история Казахстана рекомендована к публикации

Жаңа ғылыми тұжырымдар Конституцияға да әсер еткен

Ерлан Кариннің айтуынша, көптомдықты әзірлеу барысында жасалған ғылыми қорытындылар тек академиялық ортада ғана емес, мемлекеттік деңгейдегі маңызды шешімдерде де көрініс тапқан.

«Академиялық көптомдықты әзірлеу барысында қалыптасқан жаңа ғылыми ұстанымдар мемлекеттік деңгейдегі маңызды шешімдерде де көрініс тапты. Соның айқын дәлелі – Қазақстан Республикасы Конституциясының преамбуласына ұлттық тарихымызға қатысты тұжырымның енгізілуі. Преамбуладағы "Ұлы даланың мыңдаған жылдық мұрасын сақтай отырып" деген қағида мемлекетіміздің тарихи тамырының тереңде жатқанын айқындайды. Мұндай норманы Конституция мәтініне енгізу үлкен ғылыми зерттеулерді, жан-жақты дәлелдеуді және ұзақ талқылауды талап етті. Соның нәтижесінде бұл маңызды қағида Ата заңымызда өз орнын тапты. Демек, көптомдықты әзірлеу барысында жүргізілген ғылыми ізденістер нақты мемлекеттік маңызы бар нәтижелерге жеткізді», – деді ол.

Новая академическая семитомная история Казахстана рекомендована к публикации

Жетінші томға қандай өзгерістер енгізілді?

Отырыс барысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен редакциялық алқа құрамындағы жетекші ғалымдар «Тәуелсіз Қазақстан» атты жетінші томды соңғы рет талқылады.

Редакциялық алқа 5 шілдеде өткен отырыста тарих ғылымдарының докторы Еркін Әбіл, әлеуметтанушы Айдос Сарым және PhD доктор Михаил Ақұлов ұсынған барлық ескертулер мен ұсыныстар толық ескерілгенін хабарлады.

Соның нәтижесінде жетінші томның соңғы редакциясы мақұлданып, баспаға ұсыну туралы шешім қабылданды.

Новая академическая семитомная история Казахстана рекомендована к публикации

Жоба ресми түрде аяқталды

Қорытынды жиында Ерлан Карин академиялық жеті томдықты әзірлеуге қатысқан редакциялық алқа мүшелері мен авторлар ұжымына алғыс айтып, жобаның сәтті аяқталуымен құттықтады.

Сондай-ақ редакциялық алқа мүшелеріне Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының даналары салтанатты түрде табыс етілді.

 
 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -