«Бизнес Медиа» компаниялар тобы» ЖШС, DKNews.kz ақпараттық интернет-ресурсының меншік иесі ретінде, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар үшін үгіттік материалдарды орналастырудың шарттары, тәртібі және құны туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №1338 Жарлығына сәйкес Құрылтай депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалды.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңына сәйкес сайлауалды үгіт жұмыстары 2026 жылғы 23 шілде күні сағат 18:00-ден кейін басталып, 2026 жылғы 22 тамыз күні сағат 00:00-де аяқталады.
Үгіттік материалдар DKNews.kz интернет-ресурсында арнайы белгімен жарияланады.
Орналастыру құны
Көлемі 7 000 таңбаға дейінгі және 3–4 фотосуретпен ұсынылатын материалды жариялау құны – 630 000 теңге.
Көлемі 7 000-нан 9 000 таңбаға дейінгі және 3–4 фотосуретпен ұсынылатын материалды жариялау құны – 740 000 теңге.
Көлемі 9 000 таңбадан асатын материалдарды жариялау құны – 1 000 000 теңге.
Аталған баға материалды бір күн бойы DKNews.kz сайтының басты бетінде орналастыруды қамтиды. Одан кейін жарияланым тиісті тақырыптық айдарда сақталады.
Материалды үш әлеуметтік желіде жариялау құны – 450 000 теңге.
Егер материал сайтта бұрын жарияланбаған болса, әрбір әлеуметтік желіде орналастыру құны 200 000 теңгені құрайды.
Бағалар материалды бір тілде орналастыру үшін көрсетілген. Қосымша тілдегі жарияланым үшін әр тілге 100 000 теңге көлемінде қосымша ақы алынады.
Барлық үгіттік материалдар толық дайын күйінде ұсынылуы тиіс және редакциялық өңдеуге жатпайды.
Өтініш беру тәртібі
Үгіттік материалдарды орналастыру саяси партия мен «Бизнес Медиа» компаниялар тобы» ЖШС арасында жасалатын жазбаша шарт негізінде жүзеге асырылады.
Саяси партияның сенімді өкілі жазбаша өтініште жарияланатын материалдардың саны, көлемі, жариялану күні мен уақыты туралы мәліметтерді көрсетуі тиіс. Бұл ақпарат шартта бекітіледі.
Өтініштер олардың келіп түсу ретіне қарай арнайы тіркеу журналында тіркеледі. Әрбір өтінішке тіркеу нөмірі мен қабылданған күні беріледі.
Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса ұсынылады:
- Партиялық тізімнің тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
- Саяси партияның сенімді өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі, оның ішінде уәкілетті орган берген куәлік;
- Өтініш беруші сенімді өкілдің жеке куәлігінің көшірмесі;
- Шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар;
- Үгіттік материалдың қағаз және электрондық нұсқалары.
Үгіттік материалдар жоспарланған жариялану күнінен кемінде үш күн бұрын ұсынылуы тиіс.
Материалдарды орналастыру кезектілігі өтініштердің келіп түсу уақытына қарай анықталады.
Үгіттік материалдарды орналастыру шарттары мен көлемі барлық саяси партиялар үшін бірдей болып табылады.
Үгіттік материалдарға қойылатын талаптар
Үгіттік материалдарда олардың төленгені туралы мәліметтер, қаржыландыру көздері және материалды ұсынған тұлға туралы ақпарат көрсетілуі тиіс.
Саяси партиялар үгіттік материалдардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне, сондай-ақ авторлық және сабақтас құқықтардың сақталуына толық жауап береді.
«Бизнес Медиа» компаниялар тобы» ЖШС қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келмейтін материалдарды жариялаудан бас тартуға немесе олардың таратылуын тоқтатуға құқылы.
Атап айтқанда, мынадай мазмұндағы материалдарды жариялауға жол берілмейді:
- конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге шақырулар;
- мемлекеттің аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігіне қол сұғу;
- әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни немесе өзге де араздықты қоздыру белгілері;
- қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттау;
- басқа кандидаттардың немесе саяси партиялардың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер.
Үгіттік материалдарды орналастыру бойынша төлем ұсынылған шот негізінде оны алған күннен бастап бес күн ішінде жүзеге асырылады.
Жазбаша өтініштер 2026 жылғы 20 шілде мен 17 тамыз аралығында, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, қабылданады.
Өтініш қабылдау уақыты: 09:30–17:00. Түскі үзіліс: 13:00–14:00.
Мекенжай: Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 86, 535-кеңсе.
Электрондық пошта: commercial@dknews.kz.