Қазақстанда есірткі айналымына қарсы күрес күшейтілуде. Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2026 жылдың басынан бері ондаған халықаралық және өңірлік есірткі жеткізу арнасының жолын кесіп, ірі көлемдегі есірткі мен прекурсорларды тәркіледі, деп хабарлайды DKNews.kz.
Ведомствоның мәліметінше, жедел іс-шаралар барысында халықаралық қылмыстық топтардың қызметіне де соққы берілген.

44 есірткі жеткізу арнасы жойылды
Жыл басынан бері Ұлттық қауіпсіздік комитеті:
- 33 халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды
- 11 өңірлік жеткізу арнасының жолын кесті
- 3 жасырын есірткі зертханасының қызметін тоқтатты
Бұл жұмыстар есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл аясында жүргізілді.

Ірі көлемдегі есірткі тәркіленді
Арнайы операциялар барысында түрлі есірткі заттары мен прекурсорлар тәркіленді.

Олардың ішінде:
- 3,2 кг героин
- 8 кг метамфетамин
- 70,6 кг апиын
- 129,7 кг гашиш
- 16 кг гашиш майы
- 282 кг марихуана
- 156,5 кг қарасора
- 56,4 кг психотроптық заттар
- 20 тонна көкнәр сабанының шикізаты
- 3,8 тоннадан астам прекурсорлар
21 халықаралық операция өткізілді
ҰҚК шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен бірлесіп халықаралық деңгейде де бірқатар операция жүргізді.

Жыл басынан бері:
- 21 халықаралық есірткіге қарсы операция өткізілді
- шекаралас мемлекеттердің аумағында халықаралық қылмыстық топтардың 14 қатысушысының әрекетінің жолы кесілді
121 күдікті ұсталды
Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде:
- Қазақстанның 114 азаматы
- 7 шетелдік азамат
аталған құқық бұзушылықтарды жасады деген күдікпен ұсталды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайтынын мәлімдеді.