Яндекс Такси кей жүргізушілерден сапарына 1 теңге ғана ұстайды

594
Жан Арыстанұлы Редактор
Фотосурет: Яндекс Қазақстан

Кей жүргізушіден 1 теңге ғана ұсталады. Яндекс Такси Қазақстандағы 10 жылдығына орай сервиспен алғашқы күннен бері жұмыс істеп келе жатқан жүргізушілерге арнайы шарт енгізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жеңілдік 2016 жылдан бері тапсырыс орындап, он жыл бойы жыл сайын кемінде 100 күн желіге шыққан жүргізушілерге берілді. Олар үшін әр сапардан сервис ұстайтын сома 2027 жылдың тамызына дейін небәрі 1 теңге болады.

1 теңгелік шартқа кез келген жүргізуші кірмейді

Арнайы ұсыныс Яндекс Таксимен Қазақстандағы жұмысының алғашқы жылынан бері үздіксіз бірге келе жатқан жүргізушілерге арналған.

Негізгі талаптың бірі — он жылдың әрқайсысында кемінде 100 күн желіге шығу.

Компания дерегінше, осы санаттағы жүргізушілер он жыл ішінде шамамен 2,7 миллион сапар орындаған. Олардың желіде өткізген жалпы уақыты 1 миллион сағатқа жуықтайды.

Бұл жүргізушілер үшін мерейтойлық сыйлық бір реттік бонуспен шектелмейді: 1 теңгелік арнайы шарт шамамен бір жыл бойы сақталады.

Тамызда Kia Cerato ойнатылады

Он жылдан бері жұмыс істейтін жүргізушілерге арналған жеңілдіктен бөлек, компания тамыз айында барлық жүргізуші үшін ұтыс ұйымдастырады.

Бас жүлде — Kia Cerato автокөлігі.

Бұдан бөлек, төрт мыңға жуық сыйлық қарастырылған. Олардың арасында жанармай мен тағам сервистеріне арналған промокодтар, Яндекс Плюс ұпайлары және бір жылдық Яндекс Плюс жазылымдары бар.

Ұтысқа қатысу үшін сервис арқылы тапсырыс орындау жеткілікті.

Жүлде алу үшін рейтинг 4,8-ден төмен болмауы керек

Жеңімпаздар 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында анықталады.

Бірақ бір талап бар: жеңімпаз анықталған кезде жүргізушінің рейтингі кемінде 4,8 болуы тиіс.

Яғни тамыздағы белсенділік ұтысқа қатысуға мүмкіндік береді, ал жүлдені алу кезінде жүргізушінің рейтингі де есепке алынады.

2016 жылы небәрі 150 көлікпен басталған

Яндекс Такси Қазақстандағы жұмысын 2016 жылдың шілдесінде Алматыдан бастады.

Ол кезде сервиске 150 көлік пен тоғыз таксопарк қосылған еді. Арада он жыл өткенде Яндекс Такси Қазақстанның 25 қаласында жұмыс істеп, жүздеген таксопаркпен серіктестік орнатқан.

Осы он жылды алғашқы күннен бірге өткізген жүргізушілерге компания ең ұзақ мерзімді жеңілдікті таңдаған: әр сапардан 1 теңге — 2027 жылдың тамызына дейін.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -