Орманшылар туралы жаңа қазақстандық фильм үлкен экранға шығады

924
Мәдина Есенова Редактор
Фотосурет: Gov

Орманшылар тілсіз жаумен бетпе-бет қалады.

3 қыркүйектен бастап Қазақстанда «38. Соңғы нүкте» көркем фильмі кең прокатқа шығады. Картина қызметтік міндетін атқару кезінде өмірін қатерге тігетін мамандардың еңбегіне арналған, деп хабарлайды DKNews.kz.

Фильмнің алдын ала көрсетіліміне Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев қатысты. Көрсетілім алдында ол көрермендерге үн қатып, бұл туындының орман шаруашылығы саласы үшін ерекше мәні бар екенін айтты.

Министр экологии принял участие в предпремьерном показе фильма «38. Последняя точка

Ерлан Нысанбаев: орманшылар өрт кезінде алдыңғы шепте жүреді

Фильм сюжеті табиғи апаттың эпицентрінде қалған орманшылардың айналасында өрбиді. Кейіпкерлер үшін күнделікті жұмыс бір сәтте адам өмірін құтқару жолындағы күреске айналады.

Ерлан Нысанбаев орман өрті кезінде сала мамандары алғашқылардың бірі болып қауіп аймағына кіретінін атап өтті.

«Для нас этот фильм имеет особое значение. В нем показана работа лесников, трудности и риски, с которыми они сталкиваются каждый день. Во время лесных пожаров именно специалисты этой сферы находятся на передовой. Они защищают не только природу, но и населенные пункты, жизни людей. К сожалению, среди наших коллег есть те, кто погиб при исполнении служебного долга. Этот фильм – дань их памяти и уважения к их труду», — деді Ерлан Нысанбаев.

Министрдің сөзін қазақша жеткізер болсақ, фильм орманшылардың күнделікті еңбегін, олардың кездесетін қиындықтары мен қауіп-қатерлерін көрсетеді. Орман өрттері кезінде бұл мамандар табиғатты ғана емес, елді мекендер мен адамдардың өмірін де қорғауға атсалысады.

Министр экологии принял участие в предпремьерном показе фильма «38. Последняя точка

Қазақстанның орман шаруашылығында мыңнан астам адам еңбек етеді

Берілген мәліметке сәйкес, бүгінде елдің орман шаруашылығы жүйесінде мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Олар ормандарды күзетеді және қорғайды, өрттің алдын алу шараларымен айналысады, ал өрт шыққан жағдайда алғашқылардың бірі болып оқиға орнына жетіп, сөндіру жұмыстарына кіріседі.

Осы кәсіби тәуекел фильмнің негізгі желілерінің біріне айналған.

«38. Последняя точка» выходит в широкий прокат

Фильмде кәсіби борышпен қатар отбасы тағдыры да көрсетіледі

«38. Соңғы нүкте» тек табиғи апатпен күресті көрсетумен шектелмейді. Картинада кейіпкерлердің туған-туыстарымен қарым-қатынасы, достық, отбасы және қиын сәтте жасалатын таңдау да қамтылған.

Авторлар орманшылардың оқиғасы арқылы батылдық, жауапкершілік және қабылданған шешімнің құны туралы айтады.

Фильм қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан азаматтардың рухына тағзым ретінде түсірілген.

«38. Последняя точка» выходит в широкий прокат

«38. Соңғы нүкте» 3 қыркүйектен бастап кинотеатрларда

Картинаның режиссері — Төребек Бейсебаев, продюсері — Нұржігіт Хайдар.

Фильмде Асан Мәжит, Арман Уахитов, Алтыншаш Шаяхмет, Алмат Сақатов, Төлепберген Байсақалов, Асылбек Айтыш және Мақсат Сабитов басты рөлдерді сомдады.

Туынды Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген. Жобаға Экология және табиғи ресурстар министрлігі де қолдау көрсеткен.

Ерлан Нысанбаев Мәдениет және ақпарат министрлігіне, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына, режиссер Төребек Бейсебаевқа, актерлер мен түсірілім тобына алғыс білдірді.

Кең прокат алдындағы көрсетілімдер Астана мен Алматыда өтті. Ал 3 қыркүйектен бастап «38. Соңғы нүкте» қазақстандық кинотеатрларда көрсетіле бастайды.

Бұған дейін біз Қазақстандағы қыркүйек айының басты кино премьералары туралы да жазған едік.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -