Саяси диалогтан нақты жобаға: Үнзила Шапақтың ұстанымы

651
Ринат Сафин Редактор
Фотосурет: Аkorda

Қазақстандық заңгер және құқықтану саласының қайраткері Үнзила Шапақ Facebook желісіндегі жарияланымында парламентаралық дипломатияның маңызына тоқталып, Израиль, Солтүстік Македония және Тәжікстан парламенттерімен ынтымақтастық жөніндегі топқа жетекшілік ететінін хабарлады. Оның айтуынша, басты мақсат – аталған елдермен саяси және сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, заң шығару тәжірибесімен алмасу және мемлекет басшылары деңгейіндегі келіссөздерді Қазақстан мүддесіне қызмет ететін нақты бірлескен бастамаларға ұластыру.

Суретті түсірген: facebook.com/Unzila Shapak

Құрметті, менің сәулелі оқырмандарым!

Парламентаралық дипломатия - мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтып, өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға, өзара құқықтық көмек көрсетуге мүмкіндік беретін маңызды бағыт.

Осы жұмысты жүйелі жүргізу үшін Құрылтай депутаттары 22 ынтымақтастық тобына бөліндік. Маған Израиль, Солтүстік Македония және Тәжікстан парламенттерімен ынтымақтастық жөніндегі топқа жетекшілік ету міндеті жүктелді.

Бұл - үлкен жауапкершілік. Алдағы уақытта аталған елдермен Қазақстанның саяси және сауда-экономикалық байланыстарын басты назарда ұстап, парламентаралық диалогты нығайтуға, заң шығару тәжірибесімен алмасуға және ортақ бастамаларды ілгерілетуге атсалысатын боламын.

Осы орайда, 15 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуде өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің 7-саммиті аясында Израиль Президенті Ицхак Герцогпен кездесті.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан–Израиль қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты кеңейту перспективаларын талқылады.

Президентіміз Ицхак Герцогтің сәуір айында Астанаға жасаған сапары екіжақты байланыстарды нығайтуға айтарлықтай серпін бергеніне назар аударды.

Израиль Президенті де Қазақстанға сапарын ризашылықпен еске алып, еліміздің көптеген саладағы жетістіктері өзара ынтымақтастықты ілгерілетуге жол ашатынын жеткізді.

Мемлекет басшылары деңгейіндегі диалогты парламенттер арасындағы нақты жұмыспен жалғастыру маңызды. Біздің мақсатымыз - әріптестік байланыстарды ел мүддесіне қызмет ететін, азаматтарымызға пайдасы тиетін ортақ істерге ұластыру.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -