Алғашқы атыс пен танк сынағы: Қазақстанда жас сарбаздарға не үйретеді

581
Анастасия Ким Редактор
Фотосурет: Gov

Қазақстандық жас сарбаздар танкпен сынақтан өтуде. Алғашқы атыс, кедергілер жолағынан өту және психологиялық дайындық күзгі шақырылымда әскерге келген азаматтардың жас жауынгер курсындағы негізгі жаттығуларына айналды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан Қарулы күштерінің мәліметінше, желтоқсан айының соңына дейін 18 бен 27 жас аралығындағы 23 мыңға жуық азаматты әскерге шақыру жоспарланған. Олардың 12 мыңнан астамы Қарулы күштердің қатарын толықтырады.

Инструктор в камуфляже и жилете помогает солдату правильно держать автомат во время стрельб на полигоне.

500-ден астам теңіз жаяу әскері сынақтан өтті

«Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты теңіз жаяу әскері бригадасының 500-ден астам мерзімді әскери қызметшісі «Оймаша» полигонында практикалық дайындықтан өтті.

Жас сарбаздар Калашников автоматынан (АК-74) алғаш рет оқ атып, кедергілер жолағынан өтті және броньды техникамен жаттығу орындады.

Танкпен сынақтан өту сарбаздардың психологиялық төзімділігін арттыруға, күрделі жағдайда қобалжуды жеңіп, міндетін орындауға бейімдеуге бағытталған.

«Танк орға жақындаған алғашқы секундтарда қатты қобалжисың. Бірақ назарыңды жинақтап, тапсырманы орындау маңызды. Командирлер мен қаруластарымның қолдауы қобалжуымды жеңуге көмектесті. Осындай сынақтан кейін өз күшіңе деген сенім пайда болады», — деді Ақтөбе облысынан әскерге шақырылған гвардия қатардағы жауынгері Әлішер Төлепберген.

Танк в пустынном камуфляже на полигоне и сопровождающий его солдат в светоотражающем жилете.

Сарбаздардың психологиялық бейімделуіне ерекше көңіл бөлінеді

Шымкент гарнизонының 35748 әскери бөліміне 200 жас сарбаз келсе, Тараз гарнизонындағы Бауыржан Момышұлы атындағы бригада 300-ден астам әскерге шақырылушыны қабылдады.

Жауынгерлік дайындықпен қатар командирлер сарбаздардың жатын орындарына, тамақтануына, тұрмыстық жағдайына және психологиялық бейімделуіне көңіл бөлуде. Жас жауынгерлермен жұмыс істеуге келісімшарт бойынша қызмет ететін тәжірибелі әскери қызметшілер тартылған.

«Жас жауынгер курсынан өту кезінде офицерлер мен сержанттардың әрбір сарбазбен жеке жұмыс істеп, психологиялық қысымды жеңуге, әскери ортаға бейімделуге және әскери қызметтің жауапкершілігін түсінуге көмектесуі маңызды. Бұл жұмыстың қаншалықты дұрыс ұйымдастырылғанына жас сарбаздың өз күшіне деген сенімі мен әскери қызметші ретінде қалыптасуы көп жағдайда байланысты», — деді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Ержан Ибраев.

Солдаты в камуфляже на поле боя на фоне густого черного дыма.

Әскери анттан кейін мамандық игеруге кіріседі

Атырау гарнизонының 41433 әскери бөліміндегі жас сарбаздар да «Қарабатан» оқу-жаттығу полигонында алғашқы атыс жаттығуларын орындады. Практикалық сабақтардың алдында олар теориялық білімдері мен нормативтер бойынша сынақ тапсырды.

Жас жауынгер курсын аяқтағаннан кейін сарбаздар Әскери ант қабылдап, әскери-есептік мамандықтарын одан әрі меңгереді және бөлімше құрамында міндеттерін орындауға кіріседі.

Бұған дейін біз Қазақстандағы күзгі әскерге шақыру науқаны және биыл қанша азаматтың әскери қызметке алынатыны туралы жазған едік.

Танк в дыму перед окопом с солдатами на полевом полигоне.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -