Аты аңызға айналған әнші Алматыда сайлауға қатысты

385
Мәдина Есенова Редактор
Фотосурет: Gov

Бибігүл Төлегенова сайлауда үйінен дауыс берді. Қазақстанның халық әртісі, Алматы қаласының құрметті азаматы мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

№559 сайлау учаскесі комиссиясының мүшелері әншінің үйіне арнайы дауыс беру жәшігін алып келді. Олар Бибігүл Ахметқызына гүл шоғын табыстап, азаматтық белсенділігі үшін алғыс білдірді.

Бибігүл Төлегенова депутаттардан не күтеді?

Әнші сайлауға үнемі қатысатынын айтты. Сондай-ақ жаңадан сайланған депутаттар алматылықтардың сенімін ақтап, қаланың өркендеуі жолында жемісті еңбек ететініне үміт білдірді.

Алматыда кімдер үйінен дауыс бере алады?

Денсаулығына байланысты немесе науқас отбасы мүшесіне күтім жасауына орай сайлау учаскесіне өз бетінше келе алмайтын азаматтарға үйінен дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған.

Алматыда 670 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Тұрғындар сайлауға қатысты қосымша ақпаратты 109 бірыңғай нөмірі арқылы ала алады.

Бұған дейін біз Алматыда үйде дауыс беру тәртібі және сайлаудан кейін мәслихаттардың өкілеттігі қалай өзгеретіні туралы жазған едік.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -