Мәслихат мәслихат депутаттарын сайлауға қатысты. Сарқан ауданындағы сайлауда ауыл тұрғынының есімі жергілікті өкілді органның атауымен сәйкес келіп, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, 29 қарашада Қарабөгет ауылының тұрғыны Сағатбек Мәслихат №369 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.
Мәдениет үйінің қызметкері сайлауға не үшін келгенін айтты
Сағатбек Мәслихат ауылдық мәдениет үйінде жұмыс істейді. Ол сайлауға қатысуын азаматтық жауапкершілікпен байланыстырды.
«Әрбір азаматтың маңызды саяси науқандарға қатысып, өз таңдауын жасауы – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Сондықтан дауыс беру құқығымды пайдалануды маңызды деп санаймын», – деді ол.
Қазақстанда 3 447 депутат сайланады
Сарқан ауданындағы дауыс беру еліміздегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы аясында өтіп жатыр. Жаңадан сайланған депутаттар жергілікті бюджеттерді бекітіп, өңірлердің даму бағдарламаларын қарайды.
Бұған дейін біз Қазақстанда қанша депутат сайланатыны және жаңа мәслихаттардың қандай мәселелерді шешетіні туралы жазған едік.