Орталық Қытай «Белдеу және жол» елдерімен сауданы дамытуда

25108

Орталық Қытайдағы Хунань провинциясының "Белдеу мен жол" бастамасы елдерімен тауар айналымы ағымдағы жылдың жеті айында 89,78 млрд юаньді (шамамен 13,8 млрд АҚШ долларын) құрап, 18,3 пайызға өсті.

Бұл елдерге провинцияның экспорты осы кезеңде 17,1 пайызға артып, 69,11 млрд юаньға жетті, ал импорты 20,67 млрд юань болды, бұл өткен жылғыдан 22,5 пайызға көп, деп хабарлайды осы провинция астанасының - Чанша каласының кедені.

 Хунаньның жеті ай ішінде Вьетнаммен, Таиландпен және Малайзиямен сауда көлемі сәйкесінше 11,85 млрд юань, 10,4 млрд юань және 8,37 млрд юаньді құрады, бұл Белдеу мен жол елдері арасында алғашқы үштікке кірді.

 Жеке кәсіпорындар провинцияның "Белдеу мен жол" елдерімен саудасының 70 пайыздан астамын құрады, ал шетелдік инвестициясы бар кәсіпорындардың саудасы 8,75 млрд юаньға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,6 пайызға көп.

 Кеден мәліметтері көрсеткендей, бұл кезеңде механикалық және электртехникалық өнімдердің экспорты, сондай -ақ каучук пен металл кенінің импорты айтарлықтай өсті.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -