Шанхай мен CNOOC стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

24850

Қытайдың ірі мұнай мен газ өндіруші Қытай ұлттық мұнай корпорациясы (CNOOC) және Шанхай муниципалитет үкіметі сәрсенбіде мұнай мен газ кен орындарын игеру, экологиялық таза энергиямен қамтамасыз ету және жоғары технологиялық жабдықтарды өндіру сияқты салаларда серіктестік туралы стратегиялық келісімге қол қойды.

Ынтымақтастық туралы келісім арқылы екі тарап энергия жеткізуді әртараптандыруға, энергия саудасының халықаралық алаңын құруға, Шанхайдың жоғары экономикалық дамуына жәрдемдесуге және 2025 жылға қарай көміртегі бейтараптылығына жету бағдарламасын жүзеге асыруға ұмтылады.

«CNOOC бұл ынтымақтастықты пайдаланып, Шанхайға инвестиция тартуды арттырады, қаланың энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етеді және энергия тұтыну құрылымын түзетеді, сонымен қатар халықаралық қаржы орталығы мен ғылыми -технологиялық инновациялар орталығы ретіндегі мегаполис құрылысына қатысады», - деді Ван Дунцзинь, CNOOC корпорациясының басқарма төрағасы.

 Шанхай жоғары лауазымды тұлғалары Ван Дунцзиньмен кездесуде қала билігі CNOOC-пен жан жақты ынтымақтастықты қолдайтынын айтты.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -