Баптау
Тіл
Тақырып
Жаңарту

VR конференциясында 11 млрд долларға келісімшарттарға қол қойылды

Сәрсенбіде аяқталған 2021 жылғы Виртуалды шындық индустриясы жөніндегі әлемдік конференцияда (WCVRI) сомасы 70 миллиард юаньнан асатын 114 жобаға қол қойылды (шамамен 10,9 миллиард АҚШ доллары).

 Өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар министрлігі мен Цзянси провинциясы үкіметі бірлесіп ұйымдастырған екі күнге созылатын шара 2018 жылдан бастап Қытайдың шығысындағы Цзянси провинциясының астанасы Наньчан қаласында жыл сайын өткізіліп келеді.

 Соңғы үш жылда WCVRI аясында құны 194,6 млрд юань болатын 321 жобаға қол қойылды.  Ұйымдастырушылардың айтуынша, iFLYTEK, SenseTime және China Mobile сияқты кәсіпорындар шараның арқасында провинцияға  инвестициялау туралы шешім қабылдады.

 CCID Consulting мәліметтері бойынша, Қытайдың виртуалды шындық нарығы 2020 жылы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46,2 пайызға өсті және алдағы үш жылда 30-40 пайыздық жоғары өсу қарқынын сақтайды деп күтілуде.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China 

 

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Приложение DKNews для Android Приложение DKNews для iPhone
ХАА «DKNews» © 2006 -