Мемлекеттік кеңесші Ван Юн сәрсенбі күні елдің мемлекеттік кәсіпорындарын энергиямен қамтамасыз етуде белсенді рөл атқаруға шақырды.
Ван бұл туралы елдің ең ірі мемлекеттік коммуналдық компаниясы - Қытайдың Мемлекеттік желілік корпорациясында өткен симпозиум барысында мәлімдеді.
Ванның сөзінше, орталық мемлекеттік кәсіпорындар көмір бағасын тұрақтандыруға жетекшілік ете отырып, көмір мен табиғи газды жеткізуді ұлғайту және электр энергиясын өндіруді қамтамасыз ету үшін әртүрлі шараларды қабылдауы керек.
Ол,сондай-ақ, өндіріс кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге күш салуға шақырды.
Қытай кейбір аймақтарда электр энергиясының үзілуіне әкеліп соқтырған электрмен жабдықтауда соңғы дағдарысымен күресу үшін бірқатар шаралар қабылдады, соның ішінде көмір шахталарына апаттық өндірістік біліктілік беру және көмір энергетикалық компаниялары үшін салық төлемдерін кейінге қалдыру.