Қытай аймақтары қаңтар-сәуір айларында 1,69 трлн юаньға облигациялар орналастырды

1614

Қытайдың жергілікті билік органдары ағымдағы жылдың алғашқы төрт айында 1,69 трлн юаньнан астам (шамамен 250,66 млрд АҚШ доллары) сомасына облигациялар шығарды. Бұған сәрсенбі күні жарияланған Қытай қаржы министрлігінің мәліметтері  дәлел.

Мәліметтер көрсеткендей,  облигациялар шығарудың жалпы көлемінен жай облигациялар саны есепті кезеңде 289 млрд юань, ал арнайы облигациялар шығару 1,4 трлн юаньнан астам болды.

 Облигациялар орташа айналыс мерзімі 14,2 жыл және орташа пайыздық мөлшерлемесі 3,09 пайызбен шығарылды.  Тек сәуір айында Қытайда 120,8 млрд юань сомасына жергілікті билік органдарының облигациялары шығарылды.

 Өткен айдың соңында Қытайдың жергілікті билік органдарының өтелмеген қарызы шамамен 32,29 трлн юаньді құрады, бұл биылғы 37,65 трлн юаньнің ресми шегінде, делінген Қытайдың қаржы министрлігі 

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -