Беларусь банктері Қытайдың трансшекаралық банкаралық төлем жүйесіне қосылады. Бұл туралы сейсенбі күні журналистерге Беларусь премьер-министрінің бірінші орынбасары Николай Снопков айтты.
БелТА хабарлағандай, жүйеге бірінші болып Беларусбанк қосылады. Беларусьте UnionPay халықаралық төлем жүйесі де енгізіледі. Желтоқсан айында Беларусбанк UnionPay төлем карталарын шығаруды бастауды жоспарлап отыр.
Снопковтың айтуынша, белорустар бұл карталармен әлемнің 100-ден астам елінде, соның ішінде Беларусь пен Қытайда төлем жасай алады.