Қытай Халық банкі Қазақстанның Ұлттық банкімен Қазақстанда юаньмен клирингтік тетіктерді құру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Қытай Халық банкінің сайтында сейсенбіде жарияланған мәлімдемеге сәйкес, келісімдер екі елдің кәсіпорындары мен қаржы мекемелеріне юань арқылы трансшекаралық операцияларды жүргізуге көмектеседі.
Бұл екіжақты сауда мен инвестицияның дамуын одан әрі ілгерілетеді, деді банк.