Қытайдың жаңартылатын энергия көздерінің қуаты жылдам кеңеюде

2021

Қытайдың жаңартылатын энергия көздерінің орнатылған қуаты жылдың алғашқы сегіз айында елдің жасыл дамуға ұмтылуы аясында күрт өсті.

Ұлттық энергетика басқармасының мәліметі бойынша, жел энергетикасының орнатылған қуаты жылдық есеп бойынша 16,6%-ға өсіп, қаңтар мен тамыз айларында шамамен 340 млн киловаттқа жетті, ал күн энергетикасының орнатылған қуаты 350 млн киловатт болды, бұл 27,2%-ға өсті.

Мәліметтер тамыз айының соңына қарай елдегі электр энергиясын өндірудің жалпы белгіленген қуаты шамамен 2,47 млрд киловаттқа жеткенін көрсетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8 пайызға артық.

Қытай 2030 жылға қарай көмірқышқыл газы шығарындыларының ең төмеңгі деңгейіне және 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізетінін жариялады.

Қытай жел, фотоэлектр, су және биомасса энергиясының орнатылған қуаты бойынша әлемде көш бастап, жасыл даму жолында алға жылжуда.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -