Қазақстандық фильм Шанхай халықаралық кинофестивалінде жеңіске жетті

3916
Фотосурет: Синьхуа

Данияр Саламат түсірген қазақстандық «Ажырасу»/The divorce/ фильмі 26-шы Шанхай халықаралық кинофестивалінің бас жүлдесі «Алтын кубокты» алды.  Бұл фильмде басты рөлді сомдаған Амира Омарова үздік әйел рөлі  сыйлығына ие болды.

Фильмнің сюжеті 1920 жылдардағы далада өрбиді.  Фильм әйелдердің отбасылық жағдайының өзгеруі және олардың қоғамдағы рөлі сияқты тақырыптарға арналған.  Қазылар алқасының мүшелері фильмге жоғары баға берді, олар комедия, фарс пен трагедияның үйлесуі, сондай-ақ дағдарыс кезіндегі әлеуметтік шындық пен неке қарым-қатынасының шебер бейнеленуіне тәнті болды.

«Әрбір актер мұндай фестивальге қатысуды армандайды, әрине, жүлде алу үлкен бақыт», - деп атап өтті Амира Омарова.  Режиссер Данияр Саламат өз кезегінде бұл фильмді жасауға 10 жыл уақыт кеткенін айтты.  Ол фильм көрермендерге әйелдердің қоғамдық өмірдегі өзгеретін рөлін көрсете алды деп үміттенеді.

Сонымен қатар, Бакур Бакурадзе Ресей мен Грузияның бірлесіп жасаған «Менің ауламдағы қар бүршіктері» /Snowflakes in my yard»  фильміндегі  жұмысы үшін ең үздік режиссер атанды. Алғаш рет 1993 жылы өткен Шанхай халықаралық кинофестивалі кинематография әлемінде мойындалған жаһандық оқиға болып табылады. Кинофестивальді мегаполисті халықаралық мәдени орталыққа айналдыру үшін Шанхай билігі ұйымдастырады.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -