ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары Қытай-Қазақстан қарым-қатынастарының дамуына жағдай жасайды

6633
Фотосурет: Xinhua

«Төраға Си Цзиньпиннің сапары Қытай-Қазақстан қарым-қатынастарын одан әрі дамытуға, «Белдеу және жол» бастамасын сапалы жүзеге асырудағы ынтымақтастықтың мазмұнын байытуға және екі ел халқының әл-ауқатының одан әрі көтерілуіне ықпал ететініне сенімдіміз», - деді   Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мао Нин дүйсенбі күні баспасөз мәслихатында.

 2-6 шілде аралығында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше-мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның шақырулары бойынша Қазақстан мен Тәжікстанға мемлекеттік сапармен барады. Мао Нин Қазақстан Қытай үшін тату көрші және мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптес екенін атап өтті.  Дипломатиялық қарым-қатынастар орнаған 32 жыл ішінде Қытай мен Қазақстан қарым-қатынастары салауатты және тұрақты даму динамикасын сақтап қалды. 

Сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың жемісті нәтижелеріне қол жеткізілді.  Өткен жылы Төраға Си Цзиньпин мен Президент К-Ж.  Тоқаев Сиань мен Бейжіңде екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың бағдары мен бағытын белгілеп, Қытай-Қазақстан ынтымақтастығын қарқынды дамуымен сипатталатын алтын кезеңге әкелетін кездесулер өткізді. Алдағы сапар Си Цзиньпиннің Қазақстанға бесінші сапары болмақ. Мао Ниннің айтуынша, сапар барысында Си Цзиньпин Президент Қ-Ж. Тоқаевпен келіссөздер жүргізеді. Екі мемлекет басшылары екіжақты қарым-қатынастар, негізгі салалардағы ынтымақтастық, сондай-ақ халықаралық және өңірлік жағдай бойынша терең пікір алмасады.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China 

 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -