8-ші «Қытай-Еуразия» ЭКСПО көрмесінде сомасы 610 млрд юань келісім-шарттарға қол қойылды

6457
Фотосурет: Xinhua

Жексенбі күні Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Үрімші қаласында (ШҰАА, Солтүстік-Батыс Қытай)   «Қытай-Еуразия» 8-ші ЭКСПО көрмесі жабылды.  Ұйымдастырушының айтуынша, шара нәтижесінде жалпы сомасы 610 млрд юаньнан асатын (шамамен 83,9 млрд АҚШ доллары)  келісім-шарттар жасалған.

26-30 маусым аралығында өткен ЭКСПО көрмесі барысында жаңа энергия көздері мен жаңа материалдар, электронды ақпараттық технологиялар, көмір химия өнеркәсібі, тоқыма және тігін өнеркәсібі, сауда логистикасы және т.б. қатысты ынтымақтастық жобалары бойынша 360-тан астам келісімге қол қойылды.  

ЭКСПО көрмесіне 50 елден, аймақтан және халықаралық ұйымдардан өкілдер қатысты.  Онда 6 мыңнан астам өнім ұсынылды.  Қосымша іс-шаралар, оның ішінде алты форум өткізілді.

2011 жылдан бері ЭКСПО көрмесіне 70-тен астам ел мен аймақтан 12 200-ден астам қытайлық және шетелдік экспонент  қатысты, олардың павильондарына барлығы 2,16 млн адам келді.  Шыңжаң 192 ел және аймақпен сауда-экономикалық байланыс орнатып, дүние жүзінің 51 қаласымен бауырлас қала қатынасын орнатып, 19 елдің 23 қаласымен әуе қатынасын ашты.  2011 жылдан бері Үрімшіде өткізіліп келе жатқан «Қытай-Еуразия» ЭКСПО көрмесі қазірдің өзінде «Белдеу және жол» бастамасы аясында жоғары сапалы ынтымақтастықты ілгерілетудің негізгі алаңына айналды.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -