Қытайда әлемдік ЖИ тілдік үлгілерінің үштен бірінен астамы орналасқан

14641
Фотосурет: Синьхуа

Жасанды интеллект (ЖИ) индустриясының қарқынды дамуының арқасында қазір Қытайда әлемдегі негізгі тілдік жасанды интеллект үлгілерінің үштен бірінен астамы орналасқан, делінген Бейжіңде сейсенбі күні жарияланған ресми құжатта.

Дүние жүзінде ірі ЖИ тілдік   үлгілерінің саны 1328-ге жетті, оның 36 пайызы Қытайда, бұл көрсеткіш АҚШ-тан кейінгі екінші орында.

Статистикалық мәліметтер сейсенбіде ашылған «Global Digital Economy 2024» конференциясында Қытай ақпараттық және коммуникациялық технологиялар академиясы жариялаған жаһандық цифрлық экономика туралы ресми құжаттан алынған.

Осы жылдың бірінші тоқсанындағы жағдай бойынша, дүние жүзіндегі 30 мыңға жуық жасанды интеллект кәсіпорындарының саны АҚШ-та 34 пайыз, ал Қытай 15 пайызды құрады.

2023 жылы АҚШ, Қытай, Германия, Жапония және Корея Республикасының жиынтық цифрлық экономикасы 33 триллион доллардан асты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8 пайыздан астамға өсті, делінген құжатта.

ҚХР өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар вице-министрі Синь Гобинь  конференцияда айтқандай, мамыр айының соңына қарай Қытай 3,83 миллионнан астам 5G базалық станциясын салды, бұл әлемдегі жалпы станцияның 60 пайызынан астамын құрайды.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -