30-шы Ланьчжоу сауда және инвестиция жәрмеңкесі ашылды

5137
Фотосурет: Синьхуа

Сенбі күні Ланьчжоуда /Ганьсу орталық пров. , Солтүстік-Батыс Қытай/ 30-шы Қытай Ланьчжоу сауда және инвестиция жәрмеңкесі ашылды. Оған 2200-ден астам қытайлық және шетелдік кәсіпорын қатысуда.

Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, жалпы сомасы 604 млд юань болатын 1325 инвестициялық ынтымақтастық жобасын жүзеге асыру бойынша алдын ала келісімдерге қол жеткізілді.  Бұл жобалар цифрлық ақпарат, жаңа энергия көздері және жабдық өндірісі сияқты салаларға қатысты.

Бес күндік іс-шараға шақырылған қатысушылар арасында Қытайда   23 елдің үкіметтерінің, аккредиттелген  елшіліктер мен консулдықтарының, сауда палаталары мен компанияларының өкілдері, соның ішінде Беларусь, Өзбекстан, Уругвай және т.б.

Жәрмеңкені Ганьсу провинциясының халық үкіметі Қытай-АСЕАН орталығы сияқты 11 құрылыммен бірлесіп ұйымдастырды.  Шара «Мүмкіндіктерді бірлесіп пайдалану, даму мен өркендеуге ортақ талпыну» деп аталды.

Алғаш рет 1993 жылы өткізілген жәрмеңке Солтүстік-Батыс Қытайдың ашықтығын кеңейтетін терезе және «Белдеу және жол» аясындағы экономикалық және сауда ынтымақтастығы саласындағы маңызды оқиға болып табылады.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -