Қытайдың сыртқы саудасы 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 6,1 пайызға өсті

5478
Фотосурет: Синьхуа

Қытайдың сыртқы саудасы осы жылдың бірінші жартыжылдығында жаңа жоғары деңгейге жетті, деп көрсетеді ресми деректер.

ҚХР Бас кеден басқармасының статистикасына сәйкес, есепті кезеңде Қытай тауарлар импорты мен экспортының жалпы көлемі жылдық есептеуде 6,1 пайызға өсіп, 21,17 трлн юаньға жетті (шамамен 2,97 трлн АҚШ доллары).  Бөліп көрсеткенде, экспорт 6,9 пайызға, импорт 5,2 пайызға өсті.  Талдаушылардың пікірінше, Қытайдың сыртқы саудасының оң динамикасы нығая түсуде.

Сондай-ақ деректер Қытайдың сыртқы сауда айналымы осы жылдың екінші тоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,4 пайызға өскенін көрсетеді, бұл 2024 жылдың бірінші тоқсанындағы 4,9 пайызға және өткен жылдың төртінші тоқсанындағы 1,7 пайызға өсімнен айтарлықтай жоғары.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -