2023 жылы АСЕАН елдерінде оқитын Қытай студенттері мен АСЕАН елдерінен Қытайда оқитын студенттердің жалпы саны 175 мыңнан асты, бұл екі жақтың жас ұрпақтары арасындағы алмасудың жанданғанын көрсетеді. Бұл туралы Гуйчжоу провинциясында (Оңтүстік-Батыс Қытай) өтіп жатқан Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығы (АСЕАН) арасындағы Білім саласындағы ынтымақтастық апталығының ашылуында белгілі болды.
Қытай-АСЕАН Орталығының жауапты хатшысы Ши Чжунцзюньнің айтуынша, білім беру Қытай мен АСЕАН арасындағы гуманитарлық алмасулардың маңызды бөлігі, ал адам ресурстары Қытай мен АСЕАН елдерінің дамуының ең маңызды негізі болып табылады. Соңғы жылдары Қытай мен АСЕАН елдерінің барлық деңгейдегі білім беру саласындағы ынтымақтастығы кеңейіп, кадр даярлау және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жемісті нәтижелерге қол жеткізді.
Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығы/АСЕАН арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық апталығы 25 тамызға дейін жалғасады. Биылғы жылы осы «Ынтымақтастық апталығы» аясында 70-тен астам іс-шара жоспарланған, дейді ұйымдастырушылар. Биылғы жылғы ұйымдастырушылар – ҚХР Сыртқы істер министрлігі, ҚХР Білім министрлігі және Гуйчжоу провинциясының халық үкіметі.
Қытай-АСЕАН білім ынтымақтастығы апталығы алғаш рет 2008 жылы өтті. Қазіргі уақытта ол жоғары сапалы платформаға айналып, Қытай-АСЕАН қарым-қатынастарына оң үлес қосуда.